AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазтеміртранс" филиалының директоры сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алғанын әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пара

Күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кету керек, 2022 жылдың 19 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр