Қазнетте 5G-дің бұлт құрылымына әсері туралы видео қызу талқылануда

Қазнетте 5G-дің бұлт құрылымына әсері туралы видео талқыланып жатыр. Қазақстандық блогер өзінің YouTube-каналында оған ерекше болып көрінген бұлттар бейнеленген видеоны жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Біріншіден, видеода аса түйдек бұлттар көрсетілген. Бұл әдеттен тыс жайт емес. Олар көптеген факторларға байланысты жылдың кез келген мезгілінде қалыптасуы мүмкін. Көбінесе мұндай бұлттардан жауын-шашын жауады.

Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстанда технология әлі іске қосылмағандықтан 5G толқынының болуы мүмкін емес. Ол үшін жабдықтар сатып алынбаған және қажетті лицензиялар алынған жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Сондай-ақ, бұған дейін ДДСҰ 5G форматындағы желілердің коронавирустың таралуымен байланысын жоққа шығарған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр