Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазнетке хакерлер шабуыл жасады – Мемлекеттік техникалық қызмет

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ бірнеше күннен бері хакерлердің қазақстандық интернет сегментіне шабуыл жасап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

хакер

Хакерлер шабуылы мемлекеттік органдар мен Қазнет инфрақұрылымына бағытталған. Осы себепті интернет байланысында кідірістер байқалады.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ жалғасып жатқан кибершабуылдар елдегі және әлемдегі қоғамдық оқиғалармен байланысты деп топшылайды", – делінген хабарламада. 

Компания өкілдері ақпараттық қауіпсіздікке қатысты мәселеге тап болған азаматтардан 1400 тегін нөмірімен байланысып немесе Телеграм-чат арқылы өтініш қалдырып, хабарлауды сұрайды. 

Талқылау