"ҚазМұнайГаздың" бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қаржылық мониторинг агенттігі 31.01.1976 жылы туған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат И.Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді", – делінген хабарламада.
Іздеудегі Ибулла Жұмағұлұлын көрген немесе ол туралы басқа да ақпарат белгілі болған жағдайда Агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.
Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген кісіге ақшалай сыйақы белгіленді, анонимдікке кепілдік беріледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”