“ҚазМұнайГаз” басшысы: 10 күн шыдаңыздар, АИ-95 мәселесі реттеледі
Бүгінгі таңда көлік иелері АИ-95 жанармайын сатып алуда қиындық көріп жүр, бірақ жақын арада жағдай түзеледі, деп сендірді “ҚазМұнайГаз Өнімдері” ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзин.
Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.
“АИ-92 бойынша ахуалдың күрделенуіне байланысты зауыттарымыз 95-тің көлемін азайтып, негізінен 92 өндіруге мәжбүр. Қазір зауыттар АИ-95 бензині өндірісін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр, үш-төрт күн ішінде жеткілікті мөлшерде шығарылып, ішкі нарыққа жөнелтіледі”, — деді Құлмурзин БАҚ сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, “ҚазМұнайГаз Өнімдері” 15 мың тонна АИ-95 бензинін Астана мен Алматы және басқа да қалалардың жанармай бекеттеріне жеткізбек.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбелік келіншек ішіне кірген жынның әсерінен түрлі әрекетке баратынын айтты
Түнгі клуб күзетшісі: Бұл жерге қыздар қалталы азаматтармен танысу үшін келеді
Алматы әкімі 500 теңгеге қай жерден тамақтануға болатынын айтты
Талқылау

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
Алайда тиісті органдар қоңыздармен тұрғындардың өзі күресуі керек екенін айтты

Биыл жазда шетелде демалу құны қанша? Вьетнам арзандап, ал Түркия қымбаттаған
Вьетнамға рейстер саны 3 есе артты