Алматы әкімі 500 теңгеге қай жерден тамақтануға болатынын айтты

Жұма, 10 Қараша , 2017 14:29

Ғаламторда Алматы әкімінің “500 теңгеге мейрамханадан тамақтануға болады” деген сөзі хитке айналды. Көпшілік желіде мұндай арзан орынды қаланың қай жерінен табуға болатынын сұрап жатыр.

Қала әкімі «Worldwide Cost of Living-тің рейтингі бойынша Алматы 2016 жылы әлемдегі жұмыс пен өмір сүруге ең қолайлы қала атанғанын айтқан еді. Сондай-ақ Алматыда 500 теңгеге тамақтануға болатын жерлер бар екенін айтып өтті.

Осы сөзден кейін баспасөз отырысына жиналған журналистер мұның қай мейрамхана екенін сұрап қалуға асықты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникация қызметінің баспасөз конференциясында 500 теңгеге тамақтануға болатын орынды айтты.

«Мәселен, Кағанат» бар,одан бөлек бізде арзан кафелер мен дөнер орындары көп. Сорпа мен ыстық тамақ алып, ішімдіксіз тамақтанатын жерлер бар», – деп жауап берді Байбек журналистің қойған сұрағын.

Әкім Алматыда 57 мың теңгеге бірнеше күн қыдырған шетелдік турист жайлы да айтып өтті.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік келіншек ішіне кірген жынның әсерінен түрлі әрекетке баратынын айтты

Түнгі клуб күзетшісі: Бұл жерге қыздар қалталы азаматтармен танысу үшін келеді

Тамара Асар: Қазақтың ұлттық киімін Димаш арқылы әлемге таныту керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар