Ақтөбелік келіншек ішіне кірген жынның әсерінен түрлі әрекетке баратынын айтты

Жұма, 10 Қараша , 2017 14:00

Ақтөбелік Жангүл Батыр – екі баланың анасы. Екі баласы да науқас. Келіншектің өзі де дертті. Дәрігерлер Жангүлге шизофрения деп диагноз қойыпты. Бірақ, келіншектің өзі ішіне жын кіріп кеткенін айтады.

Редакцияға ерекше хат келді. Амалы таусылған жас келіншек екі жыл бойы басынан кешірген сұмдық жағдайларын “Керек.info” газетіне баяндап берді. “Азаппен өткерген жылдар екі ғасырға татиды” дейді ол.

“2 баланың анасымын. 5 жастағы үлкен қызым кішкентайынан эпилепсиямен ауырады. Кішкентайымның жасы бір жас-тан енді асты. Көзі көрмейді, еңбектемейді, тек жата береді. Дәрігерлер ДЦП диагнозын қойды. Өзім психодиспансерде тізімде тұрмын. Шизофрениямен ауырамын. Қазір дертім анда-санда ұстайды. Балаларымның болашағына алаңдаймын. Шынын айтқанда, ауырған сәтте балаларыма қарай алмай қаламын. Жолдасым да менің халіме байланысты бір жұмыста тұрақтай алмайды. Жеке құрылыс компаниясында істеді. Қайта-қайта сұрана берген адамды кім жақсы көрсін?

Мен ауырған сәтте жұмыстан шығуға мәжбүр болады. Қазір уақытша жұмыс істеп, азын-аулақ ақша тауып келеді. Үнемі мені аңдып отыруға балаларға тамақ керек. Сау кезімде жұмыс істеп келуге шығып кетеді. Оған Алла риза болсын, мені тастап кетпей, екі жыл бойы Сарыағашқа апарып емдетті. Ер адам үшін өте ауыр соққы болатын жағдайларға төзіп келеді. Көргенімізді ешкімге бермесін. Осы уақытқа дейін әке-шешеміз көмектесіп тұрды, бірақ олардың басқа да балалары бар. Көмектесуден қашпайды ғой, мүмкіндіктері азайды. Үш бөлмелі жалдамалы пәтердің бір бөлмесін жалдап тұрамыз. Өйткені ауырған сәтте тиісті әрекет ететін адам керек болады. Жер үй жалдамайтын себебіміз – әжетханасына байланысты,- дейді Жангүл.

“Жер үйдің әжетханасында не құпия бар екен?” деп елең еттік. Сөйтсек, кейіпкеріміз жынның кесапатынан сақтанады екен.

Жағдайымды айтсам, көпшілік сенбейді. Есі ауысқан деп ойлайды. Өз басымнан өтпегенде, мен де солай ойлар ма едім. Қазіргі медицина адамның есінен адасатын күйін “шизофрения” деп атайды да, өзіндік түсініктемелерін айтады. Әріге бара алмайды. Бірақ бұл – одан басқа нәрсе. Тылсым. Вирус, бактериялар жай көзге көрінбейді, бірақ олар бар ғой. Менің жағдайым да сол сияқты. Қазіргі адамдар “Жын әлемі” дегенге сене бермейді. Кезінде мен де мән бермегенмін. Басқалар секілді оқып, қарапайым адам болдым. Заң факультетін бітірдім, бірақ сұлулық салонында істейтін едім. Қаншама қызға макияж жасап, өзіме де жасаттым. Жасанды кірпік, бұрым жабыстырып, түрлі бояулармен бояндым. Соның кесірі ме деймін. Негізі, ислам діні суретке, жасанды сұлулыққа, шашты қараға бояуға, жасаруға тырысуға қарсы ғой.

Осы жағдайымнан кейін оның себебін түсінгендеймін,- дейді келіншек.
Жангүлдің айтуынша, оның ішіне жын осыдан екі жыл бұрын кірген. Алғашында бетін мысық тырнап алғандай күй кешкен ол жағдайына пәлендей мән бермепті. Оқиға 2015 жылы күйеуім екеуміздің достарымызға жігіт жолдас, қыз жолдас болуымыздан басталды. Сол тойда бетімді қара мысық тырнағандай күй сездім. Бойым тітіркеніп, денем мұздап кетті. Бірақ аса мән бере қоймадым. Қалаға оралғаннан кейін көп уақыт өтпей, ыдыс жуып тұрған күйі бір нүктеге қадалып тұрып қалыппын. Содан бері бір “қара адам” келіп буындырады. Бірнеше рет ванна бөлмесінде өз-өзіме қол жұмсатқан. Намазға жығылғаннан кейін де бір рет тағып жүрген орамалымнан тартып, өзімді қылғындырыппын,- дейді Жангүл.

Бойына енген белгісіз бәледен құтылмақ болып талай молдаларға барған Жангүлге Сарыағаштағы бір емші көмектеседі.

“Сарыағаштағы имам бойымнан алғаш рет шығарғанда, әлгі бәлекет 400 жаста екенін, маған ғашық болғанын, алып кеткісі келетінін айтыпты. Бәле жабысқаннан кейін “бала көтерсең, періште жатқан жерге жын келмейді” дегенді естіп, “мүмкін кетер” деген үмітпен екінші рет көтердім. Сол кездері оның сөздерін өзім ап-анық еститін едім. “Сенен ұрпақ қалдырмаймын, ұлыңның көзін құртам” деп айқайлайтын болды. Содан соң құрсағым қатты қызатын еді. Ұлымның ДЦП болуы да – соның ісі ме деймін,- дейді Жангүл.

Келіншектің айтуынша, өзіне жын кірген кезде не істеп, не қойғанына жауап бермей кетеді екен. Тіпті жанындағы күйеуі мен балаларын танымай, дел-сал күйге түсетінін айтады.

Бәлекет тәніме кіріп кеткен кезде, ол мені толық билеп алады. Істеріме есеп бермеймін. Қысқасы, мен – мен болмай қаламын. Не істеп, не қойғанымды білмеймін. Бір рет ой-санамды, жадымды 12 жастағы кезіме түсіріп тастады. Ата-анамды ғана танып, күйеуім мен балаларыма “Мыналар кім” деп қараппын. Оқып шығарғаннан кейін өзіме келемін. Бір рет имамның оқуымен бәлекеттің тәнімнен шығып, оқылған қасиетті судан быжылдап күйіп қашқанын өз көзіммен көргенмін. Содан кейін сол жынның әйелі мен балалары келіп, күйеуі үшін өш алып қылғындырған сәт те болды. Соңғы рет ауырғанда, шет жақтағы бір үйдің жертөлесінің алдына барып ұйықтап қалыппын. Бір адамның “Соңғы аялдамаға бара жатырмын” деген сөзін естіп ояндым. Айдалаға кетіп қалмағаныма шүкір. Бірде анама шай беріп отырғанмын. Үйге күйеуім кірді.

“Мен саған күшті нәрсе әкелдім, жүр көрсетем”,- деп, келесі бөлмеге қарай өте берді. Кейін білдім, сол сәтте үйде анам екеумізден басқа ешкім болмапты. Анам маған: “Сені қолыңнан біреу жетектегендей қолыңды алға созған қалыпта күлімдеп, ана бөлмеге қарай жүре бердің”, -дейді. Неше түрлі бейнеде талай келді. Білем, сену қиын. Менің қорғансыз, ашық қалған сәтімді аңдиды. Қасыма келіп, күйеуіммен ұрыстырғысы келеді. Неше түрлі сылтау айтады. Мен “бұны айтып отырған әзәзіл ғой” деп, өзімді жинап аламын да, күйеуіммен өте жылы қалыпта сөйлесемін. Ашулануға, суретке түсуге, жер үй әжетханасына баруға болмайды. Мұны имам қатты ескертті. Ең қорғансыз қалатын сәтім осы кез екен. Әжетханада тәніме жын еніп, тесікке түскен сәттерім болған. Абырой болғанда, екі қолым мен иығым кептеліп сыймай қалғанмын. Сондықтан да пәтер жалдаймыз,- дейді Жангүл.

Жангүлдің айтуынша, Ақтөбеде адамға кіріп кеткен жынды шығаратын молда жоқ. Болса да күштері жетпейді екен. Дәрігерлер құрамында есірткісі бар дәрілер жазып беріпті. Қазір сол дәрілерді ішіп, ем алып отырғанын айтады.

Ақтөбеде тәннен жын қуатын имамдар жоқ, күштері жетпейді. Тек бір имам ғана бір рет шығарып берді, содан соң менен бас тартты. Себебі менен қуғаны үшін бәле сол имамның өзіне, отбасына тиісе бастапты. Ол кісіні түсінемін, оған Алла риза болсын. Сарыағашқа қайта-қайта бара беру мүмкіндігіміз де таусылды. Сол жаққа кетуге де жағдай жоқ. Қазір үйде “Бақара” сүресін қосып қоямын. Жүріс-тұрысымнан өзгеріс байқаған бойда кімге хабарласып, не айту керек екенін 5 жастағы қызыма үйретіп қойдым. Қазір 4 түрлі ауыр дәрі ішіп
отырмын. Есірткі сипатты дәрілер. Шынымды айтсам, біреуіне тәуелді болған секілдімін,- дейді келіншек.

Адам айтса сенгісіз тылсым дертке душар болған келіншек екі баласының да мүгедектігі туралы құжаты жоқ екенін айтты.

Мені балаларымның жағдайы алаңдатады. Ешқандай “үйлі болып қалайын” деген арам ойым жоқ. Балаларым мүгедектік тобына енгізіліп, жәрдемақы алсақ және басшылар мен қайырымды жандардан жеке пәтерлі болуымызға көмек сұраймыз. Кісі үйінде жата алмаймыз, себебі ауырған сәтте күйімді көрген үй иелері пәтерді босатуымызды сұрайды. Өз пәтеріміз болса, қиын жағдайда туыстарымыз шектеусіз тұра алады ғой. Ешкімге айтпай екі жыл жүріп едік, қорымыз таусылды. Басқа амалымыз қалмай отыр. Содан соң жастарды сақтандырғым келеді. Әсіре сұлулыққа құмар болмаса, ашуға ерік бермесе, не істесе де, “бисмиллях” деп бастаса екен, – дейді Жангүл.

Жангүлдің бойынан жынды аластаған екі имам да оқиға барысын растады. Сақтанғаны болар, екеуінен де мұндай тақырып туралы әңгіме өрбіткісі келмейтіні сезілді. Ақтөбелік имам мүфтият тарапынан ондай оқиғаларды кең ашып айтуға ты-йым салынғандығын алға тартып, сараң жауап берді. Сарыағаштық Абдумалик имам болса бұндай жағдайды күнде көріп жүргенін айтты.

Ақтөбеден Жангүл есімді қарындасымыздың келгені рас. Екі рет келді. Алланың қалауымен қолымыздан келгенін істедік. Бұл – өмірде болатын оқиға. Біреудің тәнінен қуып шығарғаны үшін, имамның өзіне жабысып, имамды емдеген кездеріміз де болды,- дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер: Жат ағымдар пайдаланатын тәсілдер психикаға теріс әсер етіп, адамды жындыханадан бір-ақ шығарады

Психологтың өзін ұйықтатып тастадым: Ақтөбелік имам адам бойындағы жындарды қалай шығаратынын айтты

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Раздвоение личность, тұлғагың жарылуы деген сырқат бұл.

  • Anonymous says:

    Мұхаметқали Шүкірəлиев деген бар екенғой Ақтөбеде сол кісіге оқылса болмайма

    • Anonymous says:

      Жангуль танинен жынды шыгару ушин озиннин окуын терен болу керек. Озин окысан коркып ози шыгад дененнен. Мен сизди жаксы тусинем мендеде сондай жагдай болган. Ешкимнин басына бермесин

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар