«Қазком» банк менеджері клиенттердің ақшасын ұрлап, шетелде оқитын бауырына жіберіп отырған
Алматыда клиенттердің шотынан ақша ұрлаған «Қазкоммерцбанк» АҚ экс-менеджері сотталып жатыр. Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлады.
Деректерге сәйкес, экс-менеджер физикалық тұлғалар секторының кассалық қызметін атқарған. Ол бірнеше жыл бойы клиенттердің көп пайдаланылмайтын шоттарынан әпкесіне қаржы аударып отырған.
Сотта ол барлық қылмысын мойындады. Және де, ол 2016 жылдан бері белсенді емес шоттарды байқаған. Сотталушы өзінің шотынан алынған қаржы туралы байқамаған клиенттерді танып алған. Өзінің таныстарының атынан банкомат карталарын аштырып, карталардан және шоттан ақша шығару туралы өтініштерді қолдан жасап, өзіне ақша аударған. Бұл операциялар автоматты түрде компьютерде рәсімделеді. Әдеттегі ақша аударымдарын шоттың иесінсіз өзі іске асырды.
2016 жылдың тамызынан бастап осы жылдың мамырына дейін ол әр түрлі валюталарда шамамен 9 млн. теңгедей аударма жасаған. 2-3 аударманы өтініш жазбастан рәсімдеген. Нәтижесінде, банк заңсыз әрекеттерін анықтады. Ол бұл қылмысқа отбасылық жағдайларға байланысты барды. Шетелде оқитын сіңілісінің оқуын төлеп отырған.
Банк өкілі сотта сотталушының барлық қарыздарын өтегенін және банктың ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді.
Алмалы аудандық соты жасанды құжат жасап алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танды. Ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Банк жүйесінде және қаржы саласында қызмет көрсетуге 7 жыл тыйым салды. Аппеляциялық шағым өзгеріссіз қалды.
Тағы оқыңыз:
Астананың үш тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды
Өрттен беті күйіген бала Казнетті дүр сілкіндірді: адамдар отасына ақша жинауда
Ғалымдар нашақорлыққа қарсы екпе ойлап тапты
Қайығы бұзылған теңізші мысығымен бірге 7 ай ашық мұхитта қалқып жүрген