Қазіргі заманғы технологиялар шылым түтінінің зиянын 95%-ға азайтады
Никотин емес, түтін қауіпті
Шылым шегетін адамның денсаулығы үшін ең қауіпті зат – никотин саналып келді. Алайда зерттеулер көрсеткендей, басты қауіптің көзі – никотиннің өзі емес, темекі шегу кезінде жану арқылы бөлінетін заттар. Никотин тек тәуелділік тудырып, жүрекке салмақ түсіреді, бірақ ол өкпе қатерлі ісігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және темекі шегумен байланысты басқа да өлімге әкелетін аурулардың тікелей себебі емес. Ағзаға ең үлкен зиян әкелеті заттар – шайыр, көміртегі тотығы және темекі шегу кезінде бөлінетін мыңдаған улы зат.
Басқаша айтқанда, мәселе никотиннің өзінде емес, түтін құрамындағы қауіпті химиялық қосылыстарда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, дәстүрлі темекі көптеген созылмалы және онкологиялық ауруларды тудырады, және бұл көбіне жанатын өнімдердің кесірінен болады. Сондықтан "никотин" мен "түтін" ұғымдарын бөлек қарау қауіп-қатерді дұрыс бағалау үшін өте маңызды.
Түтінсіз баламалар зиянды 95%-ға дейін азайтады
Ғалымдар басты мәселе түтінде екенін түсініп, түтінсіз баламалар жасап шығарды. Темекіні жанбайтындай етсе, ағзаға түсетін улы заттардың мөлшері де күрт азаяды.
Осы принципке сүйене отырып, темекі қыздыру жүйелері (хиттерлер) пайда болды. Бұл құрылғыларда арнайы темекі стигі жанбайды, тек қыздырылады, нәтижесінде никотин мен темекі дәмі бар аэрозоль түзіледі, бірақ жанатын өнімдер бөлінбейді. Жанбайтын болғандықтан, аэрозольдегі улы заттардың деңгейі шылым түтінімен салыстырғанда бірнеше есе төмен. Онда шайыр мен күйе болмайды, канцерогендердің мөлшері айтарлықтай аз.
Темекіні қыздыру жүйелерін (хиттерлер) пайдалану кезінде денсаулыққа төнетін қауіп дәстүрлі темекіге қарағанда әлдеқайда төмен. Бұл ретте темекі дәмі мен шегу рәсімі мүмкіндігінше дәстүрлі шылым шегуге жақын, бұл никотиннен толық бас тартқысы келмейтіндер үшін артықшылық болатыны сөзсіз.
Түтінсіз революция: индукциялық қыздыру
Темекіні қыздыру жүйелерінің ең жаңа буыны дәстүрлі қыздыру инесінің орнына индукциялық қыздыру принципін қолданады. Алдыңғы нұсқаларында құрылғының ішінде темекіні тікелей қыздыратын металл жүз болған. Ал жаңа жүйелерде стиктің ішіне магнит өрісінің әсерінен қызатын шағын элемент орнатылған. Бұл қыздыру процесін байланыссыз және біркелкі етеді.
Бұдан бөлек, индукциялық тәсіл температураны дәлірек бақылауға және темекінің артық қыздырылуынан сақтауға мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл әдіс зиянды заттардың бөлінуін арттырмайды, керісінше, жұмсақ қыздыру арқылы оны азайтуы мүмкін деп болжайды.
Бұл тұжырымды тексеру үшін олар зертханалық зерттеулер жүргізіп, жаңа индукциялық жүйеден шыққан аэрозольді қарапайым шылымның түтінімен салыстырды. Зерттеу нәтижелері Taylor & Francis халықаралық медициналық журналында жарияланды.
Жаңа зерттеу: хиттерлер мен шылымдарды салыстырайық
Бұл зерттеуде қарапайым шылым түтіні мен "Филип Моррис" компаниясы өндіретін соңғы буындағы THS 3.0 жүйесінің аэрозолі салыстырылды. Ғалымдар екі үлгідегі зиянды заттардың концентрациясын өлшеп, сонымен қатар жасушалар мен бактерияларға in vitro зертханалық сынақтар жүргізді. Олар цитотоксикалылығын (жасушаларға зияндығын), мутагендігін (генетикалық мутацияларды тудыру қабілетін) және генотоксикалылығын (ДНҚ-ға зақым келтіруін) бағалады.
Диаграммада көрсетілгендей, аэрозольде шылым түтініндегі улы қосылыстардың тек аз ғана пайызы бар. Бұл токсиндердің мөлшерін шамамен 94–97%-ға төмендетуге сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, шылым түтініндегі зиянды компоненттердің 90%-дан астамы қыздырылатын темекі аэрозолінде болмайды.
Зертханалық сынақтардың нәтижелері де әсерлі болды. Аэрозольдің цитотоксикалылығы шылым түтінімен салыстырғанда 95%-дан астам төмен, ал генотоксикалылығы шамамен 90%-ға төмен. Сонымен қатар, аэрозольде мутагендік әсер анықталмады, ал шылым түтіні айқын мутагендік әсерге ие.
Айта кету керек, алдыңғы нұсқадағы темекі қыздыру жүйесі (ине арқылы қыздырылатын) шылыммен салыстырғанда зиянды заттардың бөлінуін айтарлықтай азайтқан. Ал жаңа индукциялық жүйе бұл әсерді сақтап қана қоймай, кейбір көрсеткіштер бойынша зиянды заттардың бөлінуін одан да көп қысқартады.
Бұл шылым шегетіндер үшін нені білдіреді?
Басты қорытынды: түтінсіз никотин шылым түтінінен әлдеқайда қауіпсіз. Әрине, шылым шегуден толық бас тарту – ең дұрыс шешім, бірақ көптеген тәуелді адамдар үшін бұл өте қиын. Түтінсіз өнімдер, мысалы, хиттерлер, денсаулыққа зиянын айтарлықтай азайтып, никотинді тұтынудың компромистік жолын ұсынады. Егер шылымды тастау мүмкін болмаса, мұндай баламаға көшу тәуекелдерді кемінде 95%-ға төмендетуі мүмкін. Жану процесі жүрмейтіндіктен, шылым шегуден туындайтын аурулардың (өкпе рагы, жүрек аурулары, өкпенің созылмалы обструктивті ауру және т.б.) даму қаупін барынша азайтады. Шылымнан бас тартып, немесе хиттерлерді таңдағандар үшін бұл зерттеу нәтижелерінің айтатыны біреу: темекі түтініне барынша жоламаған жөн.
Сонымен қатар, жиналған деректер қоғамдық денсаулық сақтау саласында неғұрлым тиімді әрі ғылыми негізделген саясат құруға мүмкіндік береді. Шылым шегушілерге зияны аз баламалар туралы ақпарат беру және оларды қолдау – аурулар деңгейін төмендетудің тиімді стратегиясына айналуы тиіс. Әсіресе никотиннен бас тартуға дайын емес адамдар арасында.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
