"Қазір тоқтатпасақ, Батыстағыдай боламыз": Депутаттар тағы да ЛГБТ насихатына тыйым салуды ұсынды
Фото: istockphoto.com
Мәжіліс депутаттары ақпараттық кеңістікте ЛГБТ насихатына тыйым салу тақырыбын қайта көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түзетуді мұрағат ісі мәселелеріне арналған заң жобасына енгізу жоспарланып отыр.
Депутат Наталья Дементьеваның айтуынша, түзету әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынастарды насихаттауға тыйым салуға бағытталған.
“Бұл түзету әлеуметтік желілерде насихатқа тыйым салуды көздейді. Менің түсінуімше, бұл фильмдер мен жарнамаға да қатысты. Яғни дәстүрге сай емес жыныстық қарым-қатынастарды насихаттауға тыйым салынуы тиіс. Біздің балалар әлеуметтік желілерде мұндай нәрселерді ашық көрмеуі қажет”, – деді депутат.
Қазақстанда ЛГБТ қауымдастығының үлесі 10%-ға дейін жетуі мүмкін – Сарапшылар
Депутаттың айтуынша, қазір кез келген әлеуметтік желіде ЛГБТ қатынастары “қалыпты құбылыс” деген ойды насихаттайтын видеолар мен жазбаларға тап болуға болады.
“Бұған қазір тоқтау салмасақ, онда Батыстағы немесе басқа жерлердегідей, бала туған кезде жынысы көрсетілмей, кейін өзі таңдайтын жағдайға жетеміз”, – дейді Дементьева.
Жұмыс тобының отырысына мәжілістің оннан астам депутаты қатысты. Олардың ешқайсысы түзетуге қарсы болмаған, керісінше, барлығы бастаманы қолдап, өздерін авторлар қатарына қосуды өтінді. Олардың арасында Ринат Зайыт, Еділ Жаңбыршин, Ардақ Назаров бар.
Айта кетейік, өткен жылдың сәуір айында мәжіліс депутаттарының “БАҚ туралы” заң жобасына ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін түзету енгізуді ұсынған еді. Кейін депутаттар Қазақстанда ЛГБТ насихатына қылмыстық жауапкершілікті енгізуді де ұсынды. ЛГБТ насихатын “әлеуметтік, ұлттық, туыстық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырумен” теңестіру ұсынылды.
17 сәуірде мәжіліс депутаттары екінші оқылымда “БАҚ туралы” заңды қабылдады. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов депутаттардың ЛГБТ насихатына қатысты ұсыныстары соңғы құжатқа енбей қалғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін депутат Наталья Дементьева қазақстандықтарды жеке қатынастарын адамдарға көрсетпей, камерадан тыс қалдыруға шақырған еді.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді