AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазіргі айлық табысымды сахнада жүргенде тапқан емеспін": “Асыл” тобының солисі желілік бизнеске не себепті бет бұрғанын ашып айтты

Қобыз пен эстраданы үйлестіріп, жаңа бағытта өнер көрсеткен “Асыл” тобының қыздары қазір бір-бір шаңырақтың келіні, тәтті балапандардың асыл анасы. Сондықтан болар, олар қазір сахнадан көп көрінбейді. Есесіне, топтың әншісі Ақерке мен Ғалияны әріптестері “желілік бизнестің қасқырлары” деп атап кеткен. Ал бұл салаға қыздар қалай келді және айлық табыстары қандай? Бұл сұраққа Ғалия Stan.kz тілшісіне экслюзив сұхбат беріп, шыны мен сырын ашты.   

– Ғалия, сізді көргенімізге қуаныштымыз. Неге “Асыл” тобы сахнадан мүлдем көрінбей кетті?

– Иә, біздің сахнаға сирек шығуымыздың бір себебі – қыздардың тұрмыс құрып, ана атануы. Сондықтан басымыз қосыла алмай жатыр. Бұған қоса заманға сай жаңа әндер іздеу керек, жаңа костюмдер тігілу керек, жаңа бейнебаяндар қажет. Оның бәрі жұмыс, оның бәрі ізденіс. Кәдімгідей отырып жұмыс жасау керек. Соған уақыт болмай жатыр. Қазір бұрынғы “Асыл” тобы болып сахнаға шығу аса қызық емес сияқты. Бұрын біз топқа келгенде жаспыз, басымыз бос, уақытымыз көп, бағытымыз бен мақсатымыз бір болды. Продюсер мен қыздар болып түнімен “былай жасайық, былай жасайық” деп отыра беруші едік. Қазір оған уақыт жоқ. Басты себебі сол шығар.

– Яғни отбасы мен өнерді бір арнаға тоғыстырып, қатар алып жүру қыз-келіншектерге расында қиын ба?

– Негізінде көп нәрсені сылтауратып, “анаған уақытым жоқ, мынаған уақытым жоқ” деп отыра беруге болады. Бірақ расымен қалап тұрсаң, ештеңе де кедергі болмайды. Яғни алдымда үлкен арман-мақсатым болса, мен ештеңеге қарамай соған жетуге тырысамын. Отбасы қолдап отыратын, энергия беретін басты мотивация деп білемін. Менің жолдасым – өнер саласындағы жігіт. Мен қазір “ән жаздырамын, сахнаға шығамын” десем, “жоқ үйде отыр, гастрольге шықпа” деп айтпайды. Керісінше “кеттік, бірге жұмыс жасайық. Мен саған көмектесейін” дейді. Бірақ мен тура қазір сахнаға шығуға аса құлшынып тұрған жоқпын. Себебі біріншіден - бала-шағам, екіншіден - қазір жұмыс жасап жүрген басқа саладағы кәсібім.

– Қазір Ақерке екеуіңізді әріптестеріңіз “желілік бизнестің қасқыры” деп атап жүр екен. Өздеріңіз де өте белсенді жұмыс жасап жүрсіздер. Кім алғаш болып бастады?

– Иә, Ақерке екеуміз желілік бизнесте расында өте белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Бірінші сол компанияда жұмыстың қалай басталғанын қысқаша айтып өтейін. Карантин кезінде Ақерке сол компанияға барып тіркелді. Бастапқыда ол бізге бірден айтпады. Оның басты себебі, үлкен қаражатпен кірген соң қорықты. Егер бәріміз ақша салып кіріп, түк шықпай қалса, қыздар маған ренжиді деген Ақеркенің өз ойы болған. Бірақ тәуекелге барып, өзі бастап, бірінші статусын жапты. Сол кезде түскен қомақты ақшасын “бір апталық табысым” деп “Асыл” тобының чатына салады. Мен екі баланың анасы, отбасылы келіншек болғандықтан, бірінші болып қадам жасауға ниеттендім. Себебі мен де, жолдасым да өнерде болғандықтан, жұмыс тоқтап, екі жақты табыссыз қалдық. Осылайша мен Ақеркеге барып, бәрін тыңдап, өнімдері мен бизнес жоспарымен таныстым. Бұрынғыдай қытайдың сумкасы мен каталог көтеріп жүру керек емес. Бұл – LUX косметика, premium санаттағы бизнес. Соның бәрі маған ұнады. Сол кезде тіркеліп, жұмысты бастап кеттім. Карантин кезінде керемет табысқа ие болдым. Осы бизнес себепші болып,  карантин кезіндегі отбасындағы қаржылық проблемаларды шештік. Қазір Ақерке екеуміз екінші компанияға тіркеліп, жұмыс бастағанымызға 4 ай болды.

– Қаншалықты тез меңгеріп кеттіңіз?

– Желілік бизнеске келген кезде көп сұрақтар болды. Қазір сол кезде мен болған сұрақтар тіркелуге келген әр адамда бар. “Қалай жасаймын? Кімді шақырамын? Қалай сатамын” деген қорқыныштар болады. Бұл саланың бір артықшылығы – тегін көп сабақтар беріледі. Сату техникасын, адамдармен қарым-қатынас, қаржылық сауаттылық т.б. ақпараттың барлығын үйретеді. Бұрын мен білмеген көп сұрақтардың жауабын осы салада үйрендім. Сондықтан қиналдым дей алмаймын. Өзіме ұнады, жетістікке жете алдым.

– Егер құпия болмаса, айлық табысыңыз қанша?

– Қазіргі айлық табысымды сахнада жүргенде тапқан емеспін. Апта сайын алатын айлығым жұмысымның көрсеткіші шығар. Себебі біз күн сайын кеңседе жұмыс жасаймыз, оқимыз, дамимыз. Мұның барлығы соның көрсеткіші деп білемін. Бұл бизнестің септігімен пәтер ауыстырып, жөндеу жұмыстарын бастап жатырмыз. Жалпы осы сала менің армандарымның орындалуына үлкен әсер етіп жатыр.

– Желілік бизнесте үздік болу үшін қандай қасиет керек?

– Ең бастысы, адамда арман мен мақсат болу керек. Армансыз адам – қанатсыз құс. Сол мақсатқа жету үшін адам көп нәрсеге барады. Кезінде өзімізде болған қателікті қазір көп адамдардан кездестіремін. Ол өзіңе сенбеу, адамдарға сенбеу, бизнеске сенбеу. “Желілік бизнеске кірмеңдер. Ол – өтірік. Адамдарды алдайды” деген сөзді бұрын біреуден естіп, сол деңгейде қалып қойдық. Бірақ өзім келіп, табысқа жетіп, өмірім өзгерген соң мен адамдарға да шынайы айтамын. Көптеген адамдармен жұмыс жасаймыз, нәтижесінде психолог боласыз. Адамдардың ойында бұл бизнесте пысық және сөзге шешен болу керек деген түсінік бар. Бұл салада просто “адам” болу және өзіңізге сену, нақты мақсаттарыңыз болу жеткілікті. Ең бастысы, оқу керек, іздену керек.

– Ертеңгі күні наразы адамдар тобы шығып, атақтарыңыз бен репутатцияларыңызға зиян келеді деп қорықпайсыз ба?

– Мен қаржылық пирамидамен айналысып жүрген жоқпын. Ақшаны ауаға салмайды. Тіркелген адам өзіне тауар алады. Әзірге менің командамда реніш білдірген жандар жоқ. Мен Ақеркеге сеніп тіркелдім. Ал Ақерке ақымақ қыз емес. Ол бәрін оңды-солды тексеріп, зерттеп келген. Мен үшін де, Ақерке үшін де өз репутациямыз өте маңызды. Әрине, жаман компания немесе өнім болса біз айтпайтын едік. Мен Алладан қорқамын.

– Жұмыс барысында демалысқа жиі барасыз. Отағасы жалғыз шетелге баруыңызға қарсы емес пе?

– Иә, жиі демалысқа барып жүрмін. Отағасы қарсы емес. Керісінше, барып демалып кел деп қолдап отырады. Балаларымызды ата-аналарымызға қалдырып кетемін. Сол кісілер көмектеседі. Негізі отағасымен де бірге баруға болады. Бірақ командада тек қыздар ғой. Отағасы тек қыздардың арасында не істейді? Сондықтан ол кісі 5-6 күнге жібере алады. Мен демалып, жаңа идеямен, көзқараспен, көңіл-күймен келемін.  Ол кісі менің жақсы демалғаныма риза.

– Отбасында кім ақша тауып, кім басқару керек?

– Бұл екі жақты жағдай деп ойлаймын. Отбасында ер адам да, әйел адам да табысты болу керек. Екеуі де жұмыс жасап, екеуі де ақша тауып тұру керек. Өйткені ер адам ақша табады. Оның ақшасы азық-түлікке, коммуналдық төлемдерге, пәтердің ақысы, жөндеу жұмыстарына т.б. жұмсалып кетеді. Ал әйел адамда өзіне деген қаражаты болу керек. Ер адамнан маникюр, педикюр, косметологқа ақша бер деп қайта-қайта мазаламау үшін өзінің ақшасы болу керек. Оның үстіне үйде екі кішкентайымыз бар. Оларға киімді дүкенге барып, өзімнің ақшама алып беремін. Өзімнің киімдерімді аламын. Жалпы менің тауып жатқан ақшам өзіме кетеді. Отағасы солай айтты. “Сенің ақшаң – сенікі, менің ақшам – біздікі” дегендей, ол кісі өзінің де ақшасынан маған береді. Несиемді жауып береді, сыйлыққа сумка алып береді. Қазіргі заманда екі жақтан да табыс болу керек деп ойлаймын.

– “Әйел адам көп ақша тапса, ер адамның табыс табу қабілеті төмендейді” деген сөзбен келісесіз бе?

–  Бұл жақта тікелей ер адамға, оның тәрбиесіне, ішкі намысына байланысты шығар. Әйелдің көп ақша табуы ер адам үшін трамплин сияқты болу керек. Әйел адам сәл көбірек ақша тапса, ер адам намыстанып одан да көп қаржы табу үшін жұмыс жасау керек деп ойлаймын. Әрине, әйелім ақша әкеп жатыр, мен рахаттанып отыра берейін дейтін де еркектер бар. Мен ол кісілерді түсінбеймін.

– Ал сіздің табысыңыз жолдасыңызға қалай әсер етті?

– Бізде расында сондай жағдай болды. Мен жолдасымнан ақшаны көбірек таба бастадым. Бірақ оған қарамастан, ол намыстанып, тырмысып студиядан шықпай, өзінің бэндімен, оркестрімен жұмыс жасап кетті. Маған: “Мен қашан өмір сүремін? Балалармен үйде отырып қалдым ғой. Маған да шығу керек” деп ренжитін. Содан кейін біз ата-анамызға хабарласып: “Балаларға көмектесіңізші. Бізге кішкене жұмыс жасап алу керек” деп көмекке шақырдық.

– Ақша жинаудың қандай техникаларын білесіз?

– Мен ақша жинаудың көп техникаларын білмеймін. Бірақ осыдан екі жыл бұрын Нұр-Сұлтанда 3 күн бойы өткен “Про деньги” (“Ақша туралы” – ред.) деген тренингке барған едік. Сол кезде біраз ақпаратты алып, қаржылық сауаттылықты үйрендім. Менің әдетке айналған бір әрекетім бар: кез келген табыстың 20% жинаққа бөлемін. Айлық па, сыйлық па, аз ба, көп пе, маңызды емес, кез келген табыстың 10% немесе 20% әрдайым жинап үйрену керексіз. Одан кейін оған тиіспеу керексіз.

– Бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөліп үлгерудесіз?

– Менде еркін жұмыс кестесі. Бастығым жоқ. Таңнан кешке дейін отыру да міндетті емес. Жұмысымды өзім басқарамын. Бұрынғыдай қыруар гастроль жоқ. Күніне 3-4 сағат қана жұмыс жасап жүрмін. Сондықтан балаларыма көп уақыт бөлуге тырысамын.

– Болашақта сахнамен түбегейлі қоштасып, бизнеске бет бұруыңыз мүмкін бе?

– Болашақта өнерден кетіп, толықтай желілік бизнесте жұмыс жасау деген мүмкін емес. Себебі мен жан дүниеммен жақсы көретін мамандығым – өнер. Мен сахнаға үйреніп қалғанмын. Қазір сондай жағдай болып жатыр, өмір сүру керек, жағдай жасау керек, аяққа тұрып алу керек. Ал одан кейін өзімнің жақсы көретін мамандығыма кірісемін. Қазір желілік бизнестен өзімнің қаржылық қорымды реттеп, сосын өзімнің өнермен байланысты армандарымды орындау ғой басты мақсатым.

– Ендеше, Алла қаласа тезірек сіздің, “Асыл” тобының жаңа туындыларының тұсаукесерінде кездесейік. Сұхбаттасуға келіскеніңізге көп-көп рахмет!

Сұхбаттасқан: Жанар Тайырқызы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр