Қазір өңірлерде коронавирус бойынша ең үлкен өсім байқалады – Денсаулық сақтау министрі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі коронавирустың жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"670 оқиға тіркелген, өткен күні 78 оқиға тіркелген, өсім 13%-ға тең. 78-дің ішінд екеуі - Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа науқастар, өсім - 0,9%, Алматы қаласында - 3 пациент, өсім - 3%. Басқа аймақтарда 73 жаңа жағдай тіркеліп, 29%-ға артты. Ең көп өсім Қарағанды облысында - 16, өсім - 50%, Ақмола облысында - 19, Қызылорда облысында - 13 жаңа науқас, өсім - 35%, Жамбыл облысында - 12 адам жұқтырған, өсім - 43%», - деп қорытындылады Елжан Біртанов.
Министрдің айтуынша, қазір өңірлерде ең үлкен өсім байқалады
Талқылау