"Қазір кез келген көмек керек": Меценат Қапшағай дәрігерлеріне ретро-автокөлік сыйлады

Алматы облысы Қапшағай қаласында ретро-автомобиль жергілікті аурухананың паркін толықтырды. Мұндай ерекше, бірақ өте маңызды және қажетті сыйлықты дәрігерлер лайықты бағалады. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

ретро-көлік

Кеңес кезеңіндегі көліктердің ерекше үлгісі "Волга" шамамен жарты ғасырдан кейін қайта қызметіне кірісті. Ол - дәрігерлердің жұмысына жарайды. Көлік ретро-мұражайға 2019 жылы әкелінген. 4 жыл бойы оны қалпына келтірді, енді ол Қапшағай қалалық ауруханасы паркін толықтырды.

Кеңес кезінде бұл машина - жедел жәрдем көлігі болған. Жедел жәрдем белгісі, дауыс таратқыш, ішкі құрал-жабдық, бәрі бар. Ал жылдамдығы жағынан "Волга" қазіргі жедел жәрдем көліктерінен кем емес.

Көлікті ауруханаға сыйға беру меценат Мұрат Сіргебаевтың ойына аяқасты келмеген.

"Қазір індет кезі, өзім ауруханалардың жағдайын көрдім, өте нашар. Бізде бір машина құрастырылған, жақсы жедел жәрдем көлігі. Бүгін тұрғындарға көмегі болуы үшін табыстадық. Сонымен қатар, біздің ретро-мұражай атынан 1 тонна бензин бердік", - дейді ретро-көліктер мұражайның иесі Мұрат Сіргебаев.

Қапшағайдағы аурухана бар күшін коронавируспен күресуге жұмсап жатыр. Қолда бар жедел жәрдем көліктері осындау науқастарға бару үшін ұйымдастырылған. Ал "Волга" енді адамдарға қажетті дәрілерді жеткізуге, сонымен қатар алдын алу шараларын жүргізуге қолданылады. 

"Коронавирус пандемиясы жүріп жатқан кезде, жетіспеушілік бар кезде, бетпе-бет күресіп жатқан кезде бізге автокөлік керек. Тіпті, осындай тарихи, бұрын қызмет көрсеткен машина болса да, ол бізге керек. Өтініш айтпасақ та, өз еркімен осы қадамға барды, мен оған көп рақметімді айтқым келеді", - деді Қапшағай қалалық ауруханасының директоры Айман Ракишева.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр