Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазір дайын клиниканы жабық ұстау - қылмыс": Мәжіліс депутаты Сағынтаевқа жүгінді

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова өзінің Facebook-тегі парақшасында Алматыдағы ММСҚ (міндетті медициналық сақтандыру қоры) басшылығы жекеменшік клиникаларға науқастарды қабылдауға рұқсат бермейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар, Смирнова жекеменшік клиника басшылары өздерінің медициналық нысандарын барлық талаптарға сай дайындағанын атап өтті.

Депутаттың сөзіне қарағанда, оңтүстік астанада науқастарды қабылдауға және емдеуге дайын жекеменшік ауруханалар бар. Тіпті тегін жұмыс істеуге дайын екен, бірақ ММСҚ (міндетті медициналық сақтандыру қоры) басшылығы оларға рұқсат бермейді.

"Жай ғана рұқсат бермейді. Қала әкімі де жұмыс істеуге рұқсат берді, министр де қолдап жатыр. Тек ММСҚ шартқа қол қоюға асықпайды. Ал осы уақытта адамдар өліп жатыр", - деп жазды депутат.

Оның сөзінше, ауруханаларда барлық қажетті жабдықтар мен медициналық қызметкерлер саны жеткілікті.

Клиникалардың басшылығы арнайы желдету жүргізіп, хирургиялық және реанимациялық бөлімдерді жабдықтады.

Смирнова қала басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүгінді.

"Сізден Алматыдағы ММСҚ басшысының лауазымына сәйкестігін қарастыруыңызды сұраймын. Қазір дайын клиниканы жабық ұстау - қылмыс", - деп түйіндеді депутат.

Медициналық сақтандыру қорының Алматы бөлімшесінің басшысы Тілеухан Әбілдаев Ирина Смирнованың жазбасына жауап берді.

Әбілдаевтың айтуынша, жеке клиникалар негізінде пациенттерге көмек көрсетуді ұйымдастыру  Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен және ММСҚ орталық аппаратымен белгілі бір келісуді талап етеді. Сонымен қатар, бұл жағдайда мақсатты қаржыландыруды іздеу қажет.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу қажет. Осыдан кейін қор шарт жасасуға құқылы. Процедуралар жүреді. Медициналық ұйым бүгін кешке (15 шілде) ресми түрде оларды COVID-19 жұқтырған онкологиялық науқастарға көмек көрсетуге дайын клиникалар тізіміне енгізу туралы хат жолдады. Рәсімдердің шешімі бойынша біз келісім жасасу туралы мәселені қарастырамыз", - деп жазды ол

Талқылау