Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазір әуестігім жоқ": Кәмшат Жолдыбаева ішімдікке қатысты ойын бөлісті

кәмшат әншіФото: https://www.instagram.com/kamshat__zholdybayeva/

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева шарап ішуге қатысты оқырман сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жас күнінде шарап ішкенді ұнататынын жасырмады. 

“Иә, осыдан біраз уақыт бұрын ішімдік іштім. Қазір әуестігім жоқ. Мен негізі арасында бір бокал шарап ішкенді ұнатамын", – деп жауап берді әнші. 



Еске салайық, эстрада жұлдызы күйеуі Ғазрет Қажымұқанұлымен бірге ел алдына шыққанын жазған едік. 

“Көпшіліктің сұрауы бойынша оралдым", – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары қос өнерпазға ыстық ықыластарын білдіріп жатыр. 

“Қазақтың Джолиі мен Брэді”, “Қандай керемет жұп”, “Жарқ еткен жандар”, “Жарасымды жұп болып, өмір сүре беріңдер”, – деп жазған еді оқырман қауым. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 25 Шілде, 2025 10:02
Талқылау