Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Казинолардың жұмысына рұқсат берді: Алматы облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы облысында карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу қажет", - делінген ресми құжатта.

Карантин режимі мен мерзімдері "COVID-19" коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Облыста қызметі тоқтайды:

- қоғамдық тамақтану объектілері (кафе,мейрамханалар, барлар) 50-ден астам отыратын орын толғанда;

- 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар;

- балаларды сауықтыру лагерлері;

- ойын-сауық нысандары, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар.

Сонымен қатар жаңа қаулыға сай 9 наурыздан бастап Алматы облысында казино жұмыс істей бастайды.

"Залда 50-ден аспайтын отыратын орын орната отырып, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, барлық үй - жайларға, жиһаз бен жабдықтың бетіне тәулігіне кемінде 2 рет әрбір 10 сағат сайын дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып, казино қызметіне рұқсат беру", - делінген қаулыда.

Айта кетейік, құжат 2021 жылғы 9 наурызда сағат 07: 00-де күшіне енеді.

Талқылау