Қажылыққа барып келген азамат әйелінің бар ақшасын алып тайып тұрған

6 жыл бойы азаматтық некеде бірге тұрған күйеуіне алданған келіншек басынан өткен оқиғаны баяндап берді. Күйеуі үйді кепілдікке қойғызып, несиеге ақша алдырған екен. Артынша 117 мың долларды алып, із-түссіз жоғалып кеткен. Араға достарын салып, әйеліне полициядағы арыздарын алмаған жағдайда қыздарын өлтіретінін айтып қорқытқызған.

0ло

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдаралмасында айтылды.

Күйеуі осыдан 10 жыл бұрын үйді кепілдікке қойып, банктен несие алуды өтінген. Ол қарызды Меккеге қажылыққа барып келген соң төлеймін деп сендірген. Ақша қолына тиісімен отбасын тастап, қарасын батырған. Ақыры үміті үзілген келіншек құқық қорғау органдарына арыз жазған. Көп ұзамай 2007 жылдың күзінде оны қаржы полициясы қолға түсіреді. Сол жылы үлкен қызы жол апатына түсіп, ауруханада жатқан екен. Осыны пайдаланып Амангелдінің достары Гүлжаһонға қоқаң-лоқы көрсеткен.

«Мен студияға көмек сұрау үшін келдім. 2007 жылы күйеуім Амангелді Кәрімжанұлы мені алдап кетті. Үйімді кепілдікке қойдырып, банктен несие алдырды. Қазір несиені Тастанбек бауырым төлеп жатыр. Мен де өз ақшамды қосып отырмын. Осы үйде екі қызым, немереммен бірге тұрып жатырмыз. Күйеуім бір жыл төлеп, артынша жоқ болып кетті. Біз азаматтық некеде ғана тұрғанбыз. Мені алдап кеткенге дейін 6 жыл бірге тұрдық. Достары келіп мені қорқыта бастады. Арызымды қайтып алмаған жағдайда кіші қызымның да зардап шегетінін ескертті. Тіпті, бұдан кейін көрмей қалуымның мүмкін екенін айтты. Кейін өзі де «полицияға жазған арызымды алшы» деп аяғыма жалынды. Бостандықта жүрсем, пәтеріңді қайтарып беремін деп уәде етті», – дейді  Гүлжағон Ямағұлова.

Алайда азаматтық некеде тұрып жатқан күйеуінің бұл кезекті айласы болған екен. Алаяқтың құрбаны болған отбасы Амангелдінің кесірінен басқа да адамдардың зардап шеккенін біледі. Тұрақты жұмысы жоқ келіншек жұрттың пәтерін жинап, нәпақасын тауып жүр. Күйеуінің қарызын қайтаратын жағдайының жоқ екендігі айтпаса да түсінікті. Айтауынша, тиісті орындарға арызданғанмен, әзірге нәтиже жоқ. Енді банк кепілдегі баспанасын тартып алып, далада қаңғып қаламыз ба деп қорқып жүр.

«Анамның азаматтық некедегі күйеуі ішіп-шекпейтін, діншіл адам еді. Сол себепті біз оған сеніп қалдық. Кейін оның дәл осындай жолмен бірнеше адамды алдап кеткенін білдік. Тіпті өзі алдаған әйелдерден балалары бар екен. Өзі Тараз қаласындағы зәулім үйде тұратын көрінеді. Анамыз барған кезде баласы «Әкеміз Алматыға кеткен» деп шығарып салған», – дейді Гүлжағон ханымның қызы.

Алданған әйелдің бұл сөздерін көршісі әрі құрбысы Галина Құрманғалиева да растап отыр. Осы уақыт ішінде ол Гүлжағон ханымға күйеуін табуға көмектескен екен.

«Осы жағдайдың барлығын өз көзіммен көріп отырдым. Жас кезімізден екеуіміз көршіміз. Күйеуі құрбымды алдап кеткен кезде, екеуіміз бірге сотқа, банкке бардық. Насиенің сомасы – 117 мың доллар. Бір бөлмелі пәтерді Гүлжағон жұмысы арқылы кезекте тұрып алған. Күйеуі үйді сатқызып, арада үш ай өткен соң үш бөлмелі пәтер алуға уәде етті. Бауыры әскерге кетіп, басында үш ай уақыт қана төлеп үлгерді. Екі жыл бойы үйдің несиесі төленбеді. Ал әскерден оралған жігіт жұмысқа тұрды. Сол жердегі жалақысынан банк ұстап қалып жатыр. Күйеуін бес жыл бойы таба алмай жүрдік. Барлық жерге арыз жаздық. Прокуратура ол адамның алаяқ екенін айтты. Осы күнге дейін біраз адамды алдап келген екен. Қазір ол адам осы жерге келсе, ол сізді де алдап кетуі мүмкін. Жылы сөйлейді. Меккеге де барып келген», – дейді құрбысы.

Осы орайда, аталған іске қатысты ІІБ мамандары өз пікірін білдірді. Олардың сөзі заңгер Айнұр Махметованың ашуына тиген-ді. Ол 10 жыл бойы істің заңды немесе заңсыз екенінің тексерілуі дұрыс еместігін айтып өтті.

«Алаяқтық фактісі бойынша, ол жерде ешкім мәжбүрлемейді. Адамдар өз еркімен береді. Бұл жерде – 150-200 пайыз заңсыздық орын алып отырғанын айтуға болады. Сіздер неге бұл тақырыпты қозғамай отырсыздар? 2007 жылдан бері 117 мың доллардың мәселесі  шешілмей келе жатыр. Прокуратура 10 жыл болған оқиғаның қаншалықты заңды екені әлі күнге дейін тексеріп жатса, мұнда біржақты пікір орын алып отыр деген сөз», – дейді заңгер Айнұр Махметова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр