Қажеттілігі төмен медқұрылғыларға 2 миллиард теңге: Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасының басшылары ұсталды

Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасында басшылық қажеттілігі төмен медициналық құрылғыларды сатып алу бойынша мемлекеттен 2 миллиард теңге қаражат жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облысының прокуратурасының мәліметінше, басшылар құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алмақ болған.
Тергеу шеңберінде "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ-ның бұрыңғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды. Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты”, – делінген хабарламада.
Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді. Өзге мәлеметтер жариялауға жатпайды.
Бұған дейін Қостанайда денсаулық сақтау басқармасының орынбасары қамауға алынғаны туралы хабарлаған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"