Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазгидромет үш өңірде су деңгейі қатты көтерілетінін ескертті

Қазақстанның үш облысында күн жылып, қар қарқынды еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

су таскын

Фото: ТЖМ

"Қазгидромет" мамандары 3 өңірдің тұрғындарына ескерту жасады. 

Ақмола облысы Державинск қаласындағы Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі жоғарылады. Мұнда су 4 сағатта 18 сантиметрге көтерілді.

"Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 752 сантиметр (қауіпті деңгей – 850 сантиметр), гидрографиялық постта мұз құбылыстары байқалмайды (мөлдір). Өзендегі су деңгейінің көтерілуі бүйірлік ағындар мен орта ағысынан еріген қар әсерінен болып отыр", – деп мәлімдеді синоптиктер.

Синоптиктер су деңгейі одан әрі көтеріліп, қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін екенін ескертті. Ауылдың өзінде және өзеннің төменгі жағында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарын және жергілікті маңызы бар жолдарды, сондай-ақ өзеннің жайылмалық аумақтарында орналасқан елді мекендерді су басу қаупі бар.



Шығыс Қазақстан облысында 10-13 сәуір аралығында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың арқынды еруі жалғасады.

"Өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы да жоққа шығарылмайды. Кептеліс құбылыстары салдарынан өзендерде су деңгейінің көтерілуі, сайлардан, бүйірлік салалардан және өзендердің жоғарғы ағысынан судың келуінен және өзендердің жоғарғы ағысынан судың келуіне байланысты өзендерде су деңгейі көтерілмек. Осыған байланысты су тасқыны болуы мүмкін!" – деп хабарлайды Қазгидромет.

Абай ауданында 10-13 сәуір аралығында күннің жылынуына байланысты облыстың таулы аймақтарында қардың қарқынды еруі күтіледі. Сарапшылардың болжауынша, еңіс ағынды сулардың пайда болуы, сондай-ақ сайлардан, бүйірлік ағындардан және өзендердің жоғарғы ағысынан келетін еріген қар есебінен өзендерде су деңгейінің көтерілмек. 

Еске салсақ, Қазақстанның бірнеше облысында 7-11 сәуір аралығында су деңгейі көтеріліп, тасқын болу қаупі барын ескерткен едік. 

Талқылау