"Жел күшейіп, бұршақ жауады": Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер еліміз бойынша 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Алдағы үш күнде оңтүстік циклонның әсерінен атмосферадағы синоптикалық жағдай қалыптасады. Күн райы бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Қазақстан бойынша найзағай соғып, бұршақ жауады, дауыл мен жел күшеюі мүмкін.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендеуі ықтимал. Ал республиканың солтүстігі мен шығысында сынап бағанасы +28+38°С дейін жоғарылайды. Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”