Дабылды ескерту: Еліміздің кей жерлерінде қар жауады
Қазгидромет Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жариялап, елімізде үсік жүретінін ескертті.
11 қыркүйек түнде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы, дауыл соғуы ықтимал, батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз 11, 12 қыркүйек түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
11 қыркүйекте Ақтөбе облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облыстың кей жерлерінде найзағай күркіреп, батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.
12 қыркүйек күні Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр соңы қарға ұласады. 12, 13 қыркүйек күні 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Алматы облысында 11 қыркүйекте кей жерлерде найзағай соғады. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Талдықорган қ. 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
11-ші қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да балабақша қызметкерлері күн көрсетпейтін басшыларының қызметтен кетуін талап етті
8-қабаттан құлап мерт болған Тілеугүлдің жақындары тергеудің сылбыр жүріп жатқанына алаңдаулы
Павлодарлықтар трамвай қағып өлтірген қыздың отбасына жабылып баспана алып бермек