Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Казцинк" қазақстандық жеткізушілерге форум өткізді  

Өскеменде қазақстандық қамтуды дамыту бойынша форум өтті. "Казцинк" серіктестерімен ынтымақтастық бойынша болашақтағы жоспарларын бөлісті. Мұнда жаңа заңнамалық нормалардан туындауы мүмкін қиындықтар туралы айтылып, бірқатар офтейк-келісімшарттарға қол қойылды.

ШҚО-ның ірі тау-кен металлургиялық компаниясы шағын және орта бизнеспен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Жылына 10 000-нан астам келісімшарт қазақстандық кәсіпорындармен жасалады. Соңғы 5 жылда 5 000-ға жуық отандық компания "Казцинк" серіктесі атанды. Тек 2023 жылдың қорытындысы бойынша, барлық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің (республикада жоқ түрлерін қоспағанда) 80%  жергілікті жеткізушілерден шамамен 60 млрд теңгеге сатып алынды.

"Казцинкте" отандық компанияларға металлургтермен жұмысты жолға қоюға көмектесетін қазақстандық қамтуды дамыту қызметі жұмыс істеп келе жатқанына 12 жылдан асты.

“Елішілік құндылықты дамыту – біздің басты бағыттардың бірі. Біз тауарлар мен қызметтерді қазақстандық серіктестерден сатып алу барысын барынша жеңілдетуге, неғұрлым көбірек жеткізушіге бізбен жұмыс істеуге мүмкіндік беруге тырысамыз. Осы жылдар ішінде моноқалаларда "Казцинкпен" бірге пайда болып, аяққа тұрған шағын және орта бизнес өкілдерінің саны айтарлықтай”, – дейді әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директор Андрей Лазарев.

Форум аясында тау-кен металлургия компаниясының өкілдері жұмыс істеп тұрған және әлеуетті серіктестерімен бірлесе жұмыс істеудің жаңа бағыттарын талқылады, олар ағымдағы кезеңнің сатыпалым жоспарымен танысты. Бұдан бөлек өзгерген мемлекеттік "Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларына" талдау жасалды.

“Соңғы өзгерістердің бірі – тендерлік рәсім өткізу кезінде жұмыстар мен қызметтердің құрамынан тауарларды бөліп алу. Өзгерістерге алдын ала дайын болу үшін біз серіктестерімізбен барлық түйткілдерді талқыладық”, – дейді жер қойнауын пайдалану басқармасының бастығы Татьяна Иванова.

Сондай-ақ іс-шара аясында қазақстандық компаниялармен жалпы сомасы 5 млрд теңгеден астам офтейк-келісімшарттарға қол қойылды.

Серкітестік материал

Талқылау