"Казцинк" қазақстандық кәсіпкерлермен ынтамақтастықты кеңейтуде
Ірі кен-металлургиялық компания мен Қарағанды облысының әкімдігі елішілік құндылықты дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
"Казцинк" отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы үлесін арттыра отырып, шағын және орта бизнеспен тығыз әрекеттеседі. Мұнда көптеген жылдар бойы қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі кеңсе жұмыс істеп келеді. Соңғы бес жылда 5 000-ға жуық жергілікті кәсіпорын компанияның серіктесі болды, 275 000-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Жыл сайын шамамен 14000 келісімшарт жасалады.
Компания отандық өндірушілермен ынтымақтастық қарқынын арттыруды жалғастыруда. Қарағанды облысына сапары аясында "Казцинк" делегациясы өңірдің бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Олардың қатарында металлургиялық, кен-байыту, құбырларды электрмен пісіру өндірісіне арналған бөлшектерді өндіру бойынша заводтар, стандартты емес жабдықтарды шығаратын "Инкар 1" ЖШС, кен қазбаларына арналған арматуралық анкерлік бекітпелерді шығаратын "ТехРаботы КЗ" ЖШС, автоматика, энергетика және өнеркәсіптік IT-индустрия саласының "KAZPROM AVTOMATIKA" ЖШС компаниясы бар. "Казцинк" өкілдері кен-металлургия өндірісінде сұранысқа ие болуы мүмкін қуаттармен және өнімдердің түржиынымен танысты.
Өңірлік өндірушілердің жергілікті тауарлар мен шешімдер ұсынған көрмесі ерекше қызығушылық тудырды.
Сапар соңында Қарағанды облысының әкімшілігі мен "Казцинк" арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжатта тараптардың елішілік құндылықты дамыту, жергілікті өнім жеткізушілерді қолдау және өндірістік тізбекте қазақстандық қамтудың өсуін ынталандыру жөніндегі ниеттері бекітілді.
“Қазақстандық ШОБ-ты қолдау, ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеу – компаниямыз үшін басты бағыттардың бірі, – деп атап өтті "Казцинктің" бас директоры Жанат Жанботин. – Біз отандық сатып алудың үлесін ұлғайту үшін дәйекті түрде жұмыс істеп жатырмыз және мұны тек экономикалық қана емес, әлеуметтік міндет ретінде де көреміз. Жергілікті өндірушілерді қолдау зәкірлік кәсіпорындар төңірегінде бизнестің өсуіне, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді және сайып келгенде, жалпы ел экономикасын нығайтады”
Жарнама құқығында

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
