Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш реванш өткізеді
Фото: NAIZA
Қазақстандық ММА тарихындағы ең көп талқыланған жекпе-жектердің бірі жалғасын табады: Naiza лигасы Қазбек Сағын (5-0) мен Багдат Жубаныш (5-1) арасындағы реваншты ресми түрде жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу 30 мамыр күні Қарағанды қаласында өтеді. Басталуы — 17:00-де.
Бұл жекпе-жек "Қазақстандық ММА тарихындағы ең көп күтілген реванш" деп аталып отыр. Жауынгерлер алғаш рет 2023 жылдың маусымында Naiza 52 турнирінде кездескен болатын. Сол жекпе-жектің нәтижесі көпшілік арасында үлкен дау туғызып, жанкүйерлер мен сарапшылар арасында қызу пікірталас тудырған еді.
Бастапқыда реванш 2024 жылы өтеді деп жоспарланғанымен, кейінге шегерілді. Енді аралас жекпе-жек жанкүйерлері нағыз тартысты және шешуші айқасты тамашалауға мүмкіндік алады. Жекпе-жек жеңіл салмақта (52 кг дейін) өтеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”