"ҚазАвтоЖол" өкілдері кәсіпкерден ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен ұсталды
2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірге "НК "ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды.
Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.
Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ