Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" 8 миллиард теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған - сенат депутаты 

Сенатор Андрей Лукин жол саласында ақшаны тиімсіз пайдалану және ұрлау фактілері бар екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жол жөндеу"Жүйелік бұзушылықтар жойылған жоқ. Кейбір мердігер ұйымдарға қатысты конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық белгілері бар белгілі бір артықшылықтар сақталады. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы" ҚР Заңының 4-бабын бұза отырып, "ҚазАвтоЖол" бір көзден алу тәсілімен жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңгеге заңсыз келісімшарт жасасқан", - деді депутат Андрей Лукин. 

Сенатор жол саласына қомақты бюджет қаражаты құйылып жатқанына қарамастан, көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті арттыру тиімсіз екенін айтты. Оған себеп, басқалармен қатар, мемлекет қаржысын ысырап ету, жымқыру және басқа да құқық бұзушылықтар. Осыған байланысты депутат үкімет басшысына Автомобиль жолдары комитеті мен "ҚазАвтоЖол" кәсіпорнының жұмысын бақылауды күшейтуді ұсынды.

"Сонымен қатар мердігерлерден айыппұлдарды өндіріп алу, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасалған және шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде бұзуға жол берген мердігерлермен шарттарды бұзу, сондай-ақ тиімді технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ету бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені ескере отырып, жолдарды сапалы салу және жөндеу үшін ұйымдық-құқықтық шаралар қабылдауды ұсынамын", - деді сенатор.

Талқылау