Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджері бонус алу үшін уранды төмен бағамен сатқан

Фото: Kazatomprom

Қазатомөнеркәсіп коммерция жөніндегі бас директоры уранды төмендетілген бағамен сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша бас директорға қатысты үкім шығарды.

“2021 жылы "Қазатомөнеркәсіп" коммерция жөніндегі бас директоры Б лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзіне және ұйымға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында 2 ай мерзім өткеннен кейін уранды сату бойынша 3 қысқа мерзімді шарт жасасып, төмендетілген бағамен шарт құрған. Салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 16,5 миллиард теңге аса ірі мөлшерде залал келтірген”, – делінген хабарламада.


Ақша қайда кетіп жатыр: Астана әкімдігі, "Самұрық-Қазына", "Қазатомөнеркәсіп" пен Ұлттық банкке үлкен тексеру жүргізіледі


"Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алуға Ұлттық қордан 467,4 миллиард теңге бөлінеді


Әрі қарай ол 2021-2022 жылдары төмен нарықтық құны бойынша уранды сату үшін 10 шарт жасасқан. Шарттар жасалған күні уранның құны офертаны жіберу кезіндегі белгіленген бағаның орташа мәнінен төмен болып, мемлекетке жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге аса ірі мөлшерде залал келді.

13 келісімшарт бойынша Б 9 миллион теңгеге жуық бонус түрінде сыйақы алған. Сотта ол кінәсін мойындаған жоқ.

Жәбірленушінің өкілі 20 миллиардд теңгеден астам сома азаматтық талап қойды.

Мұндай қылмыс үшін 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза немесе мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сот сотталушының балалары барын ескерді. Алайда ол бірнеше рет қылмыс жасаған болып шықты.

“Сот үкімімен Б Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы “Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану” бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Президентке "Ерен еңбегі үшін" медалі яғни мемлекеттік наградадан айыру туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 15:27
Талқылау