Қазан айынан бастап Қазақстанға жүк көліктері мен автобустарды әкелуге тыйым салынады
Фото: istockphoto.com
Қазан айынан бастап Қазақстанға жүк көліктері мен автобустарды әкелуге тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kolesa.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жеке тұлғаның жеке қажеттілігі үшін әкелетін көлік құралы кәсіпкерлік қызметпен байланысты бола алмайды деген тұжырымға келіп, кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне түзету енгізген еді.
Жүк көліктерін жалған құжатпен тіркеген қылмыстық топ мемлекетті 740 миллион теңгеге алдап кеткен
Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Әділбек Бектібаевтың айтуынша, ЕЭК кеңесінің шешімі биыл 20 қазанда күшіне енеді. Осы күннен бастап жеке тұлғалар Қазақстанға жеке қажеттілігі үшін мынадай көлік түрлерін ғана әкеле алады:
- Жеңіл көлік (медициналық мақсатқа арналған көліктен басқа) және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 8703-тауар позициясына жататын басқа моторлы көліктер.
- квадроцикл, қарда жүретін көлік, батпақта жүретін көліктер, жол талғамайтын мотокөлік және жалпы жолға арналмаған басқа да моторлы көлік құралдары.
- мотоцикл, мопед, мотороллер.
- 12-ден артық (жүргізушіні қосқанда) адам тасымалдауға арналмаған моторлы көлік, жүк тасымалдауға (жоғары радиоактивті материалдарды таситын көліктерден басқа) арналған толық салмағы 5 тоннадан аспайтын моторлы көлік.
20 қазаннан бастап жеке тұлғаларға бұл тізімге кірмейтін жүк көліктері мен автобустарды кеденде рәсімдеп, электрондық паспорт алуға, утиль алым төлеуге және тіркеуге рұқсат жоқ. Автобус пен жүк көліктерін тек компаниялар ғана әкеле алады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан шекарасы арқылы жүк көліктерін өткізу үшін төлем мөлшері белгіленгені туралы жазған едік.

2026 жылы жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін бизнеске не болады?
