Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақтың Моцарты” атанған Рахат-Би Әбдісағын туралы не білеміз

Рахат-Би Әбдісағын – талантты композитор, вундеркинд, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Таланты мен еңбекқорлығы үшін Рахат-Биді жұрт «Қазақстанның Моцарты» атап кеткен.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жас жігіт 10 жасынан бастап музыка жаза бастаған. Ол туындылары бүкіләлемдік қорға (Оңтүстік Иллинойс университетінің «Discography» оркестріне арнап фортепианомен орындалатын туындылар) кірген тәуелсіз Қазақстанның жалғыз композиторы. Дәл осы қорда әлемдік классиканың үздік үлгілері жинақталған. Онда Бах, Гайдн, Моцарт сынды заманауи классиктердің шығармалары бар.

Рахат-Би Әбдісағын – 100-ге жуық туындының авторы. Оның музыкасы Еуропаның барлық дерлік және Азияның кей елдеріндегі концерттік залдарда қойылады. Оның шығармаларының әлемдік тұсаукесері Прага, Лондон, Вена, Париж, Берлин, Сеул, Анкара, Ыстанбұл, Мәскеу, Рогашка-Слатина, Бергамо, Аркейе, Теуладе-Морайре, Алматы мен Астанада өткен.

Рахат-Би Әбдісағын

Рахат-Би тек қана музыка емес, музыкатану оқулықтарын жазады. Ол небәрі 14 жасында «Математерика мен заманауи Музыка» ғылыми еңбегін жарыққа шығарған. Сондай-ақ, ол «Үйлесімділік шегі» жинағының авторы.

Музыкант әрі композитор бірнеше шет тілін меңгерген. Ағылшын, итальян, сондай-ақ, неміс тілін үйрену үстінде.

Рахат-Би Алматыда 1999 жылдың 2-ақпанында дүниеге келген. Ол – «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас лауреаты. Өнер иесі небәрі 13 жасында Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық өнер консерваториясына оқуға түскен. Ол аталған оқу орнымен бір уақытта Италиядағы Santa Cecilia Di Bergamo өнер академиясын тәмамдаған. 18 жасында өнертану ғылымдарының магистрі атанған.

Тағы оқыңыз: 

Баян Алагөзова қайын атасын сотқа бергендерге: Сіздің тәрбиеңіз үшін мен ұялып тұрмын

Болманов: Мен біреуді түзеу үшін ешқашан қолыма қамшы алмас едім

Динара Сәтжан “Қазақстан” РТРК арнасы басшылығынан кетті

Француздың ұлы Мұхаммед: Тамара Асар шетелдіктер асырап алған қазақ баласының аянышты тағдырын баяндады

Талқылау