Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың салты керемет қой": Жұлдыз Әбдікәрімова бесік құда болды (видео)

Жұлдыз Әбдікәрімова бесік құда атанды. Актриса той үстінде сәбиді бесікке салып, қазақтың салтын жаңғыртты. Болашақта қызды болғысы келетінін де жасырмады. 

“Рухани жаңғыру ол ең алдымен - дәстүр мен салттың қайта жаңғыруы. Өкінішке қарай, соңғы жылдары, әсіресе қалалық жерде, “қалжа той”, “бесік той” сынды дәстүрлеріміз қалып барады. Жүрген ортасында қазақтың кимешегі, ақ жаулығы арқылы салт-дәстүрді насихаттап жүрер әпкеммен бүгін Бесік тойдамыз. Сәбиді бесікке салу құрметі маған бұйырыпты. Біссімілә деп, менің қолым емес, Айша анамыздың қолы деп, ниет етіп бесікке салдым. Айналдым қазағымның салтынан, осы тойда “егер, қызды болсам…” деп, бесік құда болдық. Бұйырса, құдағи бола жатармыз”, – деп жазды Жұлдыз ханым. 

Актриса қызды болған жағдайда той иесімен құда болуға уәде берді. 

Бесік құда - бесікте жатқан сәбилеріне құдаласу жоралғысы. Бірінің ұлы, екіншісінің қызы бар, қыз алысуға болатын адамдар құдаласу салты бойынша, қалың малын алдын ала өтеп те қояды. Оны "қарғы бау" деп атайды. Мұнан кейінгі құдандалық жора-жосындар дәстүрлі ортада қалыптасқан қағидаттар бойынша өткізіледі. Бесік керту жоралғысы жасалады. Бесік құданың бесік керту құда деп атайды. 

Желі қолданушылары бұған өз пікірін білдірді. 

“Бөпелі болатын шығармын болашақта деген сөзің сондай жақсы, жағымды естілді. Қуаныштымын, Қайрат екеуіңнің бақыттарыңа қуанып, тілекші болып жүргендерді қуантып тастадың, Жұлдыз! Бізге де жұғысты болсын”, “Бала ұстағанда шашты жинаса ғой, шіркін”, “Жұлдыз әркім әр жеріңнен ілік іздейді, мән берме”, “Бүкіл айтылған тілектеріңіз орындалсын”, ”Қандай керемет! Салт-дәстүрдің ғажабы! Үлгі алуға тұрарлық дүние!”, “Бұл ескі салт. Бала өз тағдырын өзі шешу керек”, “Ол балалар бір-бірін сүймесе ше, махаббат қайда қалады?”, – деп таласты желідегілер. 


Талқылау