"Онда Ауғанстанға көшсін": Қазақтың "отқа май құю" ырымын шариғатқа қайшы деп мәлімдеген депутат Назаров сынға ұшырады
Фото: parlam.kz
Желі қолданушысы депутат Ардақ Назаровтың қазақтың ырым-тыйымына байланысты айтқан пікірін сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін, мәжіліс депутаты Ардақ Назаров қазақтың “отқа май құю” ырымын шариғатқа қарсы деп мәлімдеген еді.
“Шариғатқа сәйкес, ақылға қонымды ырым-тыйымдар болса қолдаймын. Егер шариғатқа сәйкес емес, зиян беретін, ақылға қонымсыз ырым-тыйымдар болса қолдамаймын. Мәселен отқа май құю ырымы. Біздегі ырым-тыйымдардың көбі хадистермен байланысты екен. Біздің ислам дінімен біте қайнасып кеткен ырым-тыйымдар көп екен. Мәселен, табалдырықта тұрмау, есікті кермеу деген хадиске негізделген екен”, – деді депутат.
Депутаттың осы пікірін желі қолданушысы Threads әлеуметтік желісінде сынға алды.
“Депутат Ардақ Назаров (бұрынғы ММА боксшысы) өзінің зайырлы әрі демократиялық елде тұратынын ұмытқан секілді. Қазақстан – шариғат елі емес, Ата Заңмен өмір сүретін мемлекет. Депутат шариғатты қалай насихаттап, қазақтың салт-дәстүріне қарсы шыға алады? Сонда ол біздің заңдарды мойындамай ма? Парламентте мұндай адамдарға орын жоқ. Мәжіліс әртістерді, спортшыларды, әншілерді депутат етіп сайлауды доғаруы керек”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол саясатпен спортшылар, актерлар, әншілер емес, кәсіби мамандар айналысуы керек екенін айтты.
Шариғат заңдарымен өмір сүргісі келсе Ауғанстанға көшсін...
Бұл пікірді желі қолданушыларының бірі қолдаса, енді бірі шариғат бойынша жүргеннен елдің құрығанын көрмедік деп отыр.
“Шариғатты айтып отырса, барып Мешітке жұмыс істесін. Мәжілісте мұндай көзқарас болмауы тиіс. Қазақстанда бәрін заңды түрде шешу керек. Зайырлы мемлекетте Заңмен өмір сүргіміз келеді, діни көзқараспен емес. Сенім — жеке шаруа! Мемлекеттік қызметке дінді араластыру — надандық. Мынадай шенеуніктер болса бір күні елімізді мұсылман мемлекеті деп жарияла, Біріккен Араб әмірліктеріндегідей өмір сүреміз”.
“Спортшыларды басқару органдарына қалай тағайындауға болады? Спортшылар мен чемпиондар құрметтейміз әрине. Дегенмен олар оқу-жаттығу жиындары мен жаттығуларға көбірек уақыт арнауы керек. Оның үстіне әркім өз ісімен айналысқаны жөн”.
“Автор дұрыс айтады, оның пікірімен келісемін. Зайырлы мемлекетте ислам мен шариғатқа орын жоқ. Ардақ Назаров, шариғат, хадис заңдарымен өмір сүргісі келсе, Ауғанстанға көшсін. Сізге тиесілі жер сонда”.
“Ең сорақысы, саясатпен айналысудың, басқарудың не екенін түсінбейтін адамдар зайырлы қоғамның не екенін білмейді. Олар ұлт пен дінді ажыратпайды. Олар үшін қазақ – мұсылман деген сөз. Бұл – қасірет. Егер олар Конституцияны мойындамаса, оған парламентте орын жоқ, отставкаға кетсін”.
“Не айтып кетті? TikTok-тағы уағыздардан басқа бірдеңе біле ме? Мардымды мәселені шешсін одан да. Жәй массовка депутттар көбісі. Осы Парламетке спортшы, әнші, ақын, жазушыларды кіргізбеу керек. Кәсіби заңгер, саясаткер, экономист, қаржыгер сияқты мамандар керек ел тағдырын шешетін”.
“Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық тәртібі туралы ережеден үзінді: Мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік міндеттерін атқару кезінде жұмыс орнында және қоғамда діни сенімдерін ашық көрсетуге тыйым салынады. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлер бос уақытында діни жоралғыларға, қызметтерге және басқа да іс-шараларға қатысуға толық құқылы”.
кетейік, бұған дейін елімізде неке келісімшартын жасайтын ерлі-зайыптылар көбейгенін жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік