Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың намысы бар жігітімін": Қуандық Шәкіржанов желідегі интим-видеоның өзіне еш қатысы жоғын айтты (видео)

Танымал «Шаншар» театрының актері Қуандық Шәкіржанов күні кеше өзін интим-видеоға түсті деп қаралағандарға жауап берді. Өзінің намысы бар қазақтардың бірі екенін айтып, соттың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қуандық Шәкіржанов Сурет: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ер адам мен әйелдің төсектес болып жатқаны туралы видео тарап, кей азаматтар видеодаға қазақстандық прокурор екенін тілге тиек еді. Сондай-ақ, арасында видеодағы азаматтың белгілі актер Қуандық Шәкіржанов екенін айтқандар да болды. 

Актер өз кезегінде осы видеодан кейін сотқа арыз жазғанын хабарлады. 

«Кеше бір оңбағанның жіберген видеосына бола қазір арыз жазып шықтым. Жалаңаштанған ер адамның суретінің қасына менің суретімді қосыпты. Құдай бұйырса, табылады, табамыз. Видеодағы ер адамның маған ұқсамайтыны да көрініп тұр. Қазақтың намысы бар жігітінің бірімін. Сондықтан жақын арада ол қолға түсіп, жазасын алады, уайымдамаңыздар. Мұндай алып-қашпа видеолармен надан, білімсіз адамдар айналысады. Олардың сана сезімінің жеткен жері сол», - деді Қуандық Шәкіржанов. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Әлеуметтік желі қолданушылары да видеодағы актер еместігіне кәміл сенгенін жарыса жазып жатты. 

«Сізге ешбір күдік жоқ қой. Сол себепті уайымдамаңыз», «Қандай видео екенін көрмедім. Бірақ ұстап алсаңыз, жазасын беріңіз», «Әрине, мұндай хайуандарды сотқа бер. Саған мүлдем ұқсамайды», «Уайымдамаңыз, Алла жазаларын береді» деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау