Әуежайда кемпірін гүлмен күтіп алып, құшырлана сүйген қария жұрттың ыстық ықыласына бөленді (видео)
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әуежайда ғашығын раушан гүлімен күтіп алған қария жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Видеодан скриншот
Әуежай жолаушыларының бірі тағатсыздана жақын адамын күтіп тұрған қарияны видеоға түсіріп алған. Аталған видеодан қарияның қолында раушан гүлдері тұрғанын көруге болады. Видео авторы қарияны көріп қуаныштан бір күліп алғанын жасырмады.
Сондай-ақ, желі қолданушылары да мұндай адамдардың жастарға үлгі екенін айтты.
«Мына қарияға көз сүйсінеді екен», «Махаббат мәңгілік деген осы болды ғой», «Ғашығын көргім келіп тұр», «Өзінің қатты қобалжып тұрғаны байқалады», «Неше жаста екен?», «Осындай адамдар жастарға үлгі болса екен» деп жазды желі қолданушылары.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”