Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың Джолиі мен Брэді": Кәмшат Жолдыбаева күйеуімен ел алдына шықты

ҒазіретФото: https://www.instagram.com/kamshat__zholdybayeva/

Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева жолдасымен бірге қол ұстасып, ел алдына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің күйеуі, актер Ғазірет Қажымұқанұлымен бірге көзге түсті. 

 "Көпшіліктің сұрауы бойынша оралдым", – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары қос өнерпазға ыстық ықыластарын білдіріп жатыр. 

“Қазақтың Джолиі мен Брэді”, “Қандай керемет жұп”, “Жарқ еткен жандар”, “Жарасымды жұп болып, өмір сүре беріңдер”, – деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, жақында Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі желіде қыздармен танысып, сынға қалған еді. 

Желіде тараған видеоға назар аударсақ, стримде отырған ер адамның Ғазірет Қажымұқанұлы екенін желі қолданушылары бірден таныды. Ол стримде қыздармен жиі сөйлеседі. 

“Мен жеке өмірімді айтқанды ұнатпаймын. Үйленген болуым да мүмкін”, – деді актер танысып отырған еді бейтаныс аруға. 



Бұған дейін өнерлі отбасы қызды болғанына қатысты ақпарат тарағанын жазған едік. 

“Кәмшат 2-3 ай бұрын босанды. Ата-енесімен тұрады. Тіпті кішкентай қызының суреттерін жіберіп жатқандар бар. Дұрыс қой енді, отбасы болған соң Алланың қалауымен балалы болды, өз өмірлері.

Өздері қаласа, кейінірек бөпелерін де көрсетер. Олар тыныш өмірді қалады. Бақытты болсын!" – деп жазды Анна Данченко.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 12:34
Талқылау