Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда киік үшін жанын қиған инспекторға мурал ашылды: Тұрғындар неге 3 қол екенін түсінбей жатыр

Алматы қаласының Жароков және Өтепов көшелерінің қиылысында браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевке арналған мурал ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

киік үшін жанын қиған инспектор

Сурет: Оспан Әли, Бота Жұбанова

Үй керегесіндегі артты салу жұмыстары күні кеше ғана аяқталды. Бүгінде жұрт муралдағы үш қолды көріп таңғалғанын айтты. Сондай-ақ, көптеген алматылық оған сүйсіне қарағанын желіде жарыса жазып жатыр. Арасында суретте үш қолдың салынғанына таңғалғандар да болды. 

«Мәссаған неткен тамаша. Мұны қай жерден көруге болады?», «Инспекторға аздап ұқсайды екен. Неге бұлай жасағанын білесіздер ме?», «Кеше көріп мен де тамсандым. Кім жасаса да, тамаша жасаған», «Қандай керемет», «Бұл адам плагиат жасаған. Бұл жерде 4 қол бар деп ақталып отырған шығар», «Идея тамаша. Суретшінің қолына не болған? Суретте жұмбақ жасырынған сияқты: кемпір мен сұлуды қатар көр дегендей. Мен кемінде үш қол мен 5 қолдың білектен төмен жерін көріп тұрмын. Әлде көзім алдап тұр ма?» деп жазды желі қолданушылары. 

Алайда арттағы сурет марқұм Ерлан Нұрғалиевке тиесілі емес. Туындыдағы – жиынтық образ. Автор осы сурет арқылы барша адамзатты табиғатты қорғауға шақырғысы келгенін айтады. Марқұм үшінші немересін көруді армандағанымен, сол күні ақбөкен үшін өмірін қиды. 

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы 16 қаңтарда Қарағанды облысында инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкаға браконьерлер шабуыл жасады. «Охотзоопром» инспекторлары ауыр жарақат алып, Ерлан Нұрғалиев көз жұмды. 

Әріптестері марқұм инспектордың адамгершілігі мол, мейірімді жан болғанын айтады. Жасы 53-ке келіп қалса да, спортпен тұрақты түрде шұғылданған. Ол соңғы алты жылда Нұрын ауданында жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін жануарларды күзеткен. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде браконьерлер қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевке ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстаған болатын. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Шілде, 2019 12:02
Талқылау