AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтелекомның байланыс аясы кеңеюде

Жыл өткен сайын “Қазақтелеком” АҚ байланыс желісі кеңейіп келеді.  Мәселен қазіргі таңда компания 1,8 миллионнан астам абонентті кең жолақты интернетке қосуға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ 14,5 миллион ұялы байланыс абонентіне қызмет көрсетеді. Ал теледидар сегментіндегі компания ұсынған қызметті 918 мың абонент пайдалануда. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қоғамдық кеңесінің кезекті  отырысында айтылды.

«Қазақтелеком» АҚ өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Бүгінде бұл компания  азаматтарға, бизнеске және мемлекетке қызмет көрсететін отандық телекоммуникация нарығындағы ең ірі байланыс операторына айналғаны белгілі. Республика бойынша жеке абоненттерден бөлек, 5,5 мыңнан астам мектепті, 3,7 мыңнан астам аурухананы және 7 мыңға жуық мемлекеттік мекемені байланыс және  интернет желісімен қамтамасыз етіп отыр. «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасының айтуынша фискалдық деректер операторы ретінде компания 512 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетеді.

“Біздің басты міндеттіміз – клиенттеріміздің сұранысын қанағаттандыру. Өздеріңіз білетіндей, деректерді тасымалдауға сұраныс күннен күнге өсіп келеді. Сондықтан Қазақтелеком осыған басымдылық беруде. Осы орайда біз тұрғындарды сапалы байланыспен қамту мақсатында кең жолақты желі орнату жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Үкімет бекіткен «250+» бағдарламасы айтып отырғанымның бір дәлелі бола алады. Аталмыш жобаның аясында біз басқа да операторлармен бірігіп, ауыл-аймақты байланыс жүйесімен қамтамасыз етудеміз”, – дейді "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Компанияның тағы бір маңызды міндеті – мамандарды тұрақты табыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, кәсіби өсіміне жағдай жасау. Өйткені телекоммуникация қарыстап емес, қарыштап дамып келе жатыр. Ал нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін мамандар білікті болуы тиіс. Бұл ретте «грейд» жүйесінің маңызы зор. Бұл жүйе мамандарға  қызметтік өсу, тіпті сол лауазымда қалып, өз табысын арттыруға мүмкіндік береді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында ішкі оқыту, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында да білім алу мүмкіндігін атап өткен жөн. Тиісінше бұл мекеме 25 мыңға жуық азаматты  жұмыспен қамтып отыр.

«Жұмыс берушінің  өз мамандары алдындағы ең басты міндеті – жақсы әлеуметтік жағдай қалыптастыру. Мәселен 2022 жылы жұмысшылардың жалақысы 22% өсті. Компания атынан пайызсыз несие де беріледі. Қиын жағдайға түсіп қалған мамандарымызға көмек те көрсетіледі. Келесі айда  қызметкерлердің   балаларына арнап Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында IT және робототехника лагерін ашып жатырмыз. Болашақта аймақтағы жұмысшылардың ұл-қыздарына жоғары және орта білім алуы үшін жол ашу жоспарда бар», – дейді “Қазақтелеком” АҚ Персонал жөніндегі бас директор Берік Битабаров.

Қуанышбек Есекеев алаяқтармен қоса заң бұзушылар да жұмыс барысында кедергі келтіретінін айтады. Мәселен, 2021 жылы комплаенс қызметіне 130 өтініш келіп түскен. Оның 43-і расталып, нәтижесінде  23 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда қоғам арасында байланыс және интернет желісіне де наразылықтар түсіп жатады. Кейбір жерде жаhандық желінің  жылдамдығы төмендеп кетсе, кей жерлерде тіпті байланыс жоғалып кетеді. Мекеме мамандары  «бұл кемшіліктердің түрлі себебі болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ дер кезінде тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып отырамыз», - дейді.  Олардың айтуынша қазіргі таңда интернет желісінің жылдамдығын арттыруға күш салынып жатыр. Бұл үшін жаңа жобалар дайындалған.

«Қазірде  «Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылымдық желіні арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл бағытта ұялы операторлардың базалық станцияларын өрістету, «Қазақтелекомның» FWA технологиясын қолдану, жеке кәсіпкерлермен бірігіп, Wi-Fi радиокөпірлерін құру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауылдық жерлерде салынған талшықты-оптикалық магистраль базасында қазіргі уақытта еліміздің 6 мың 406 елді мекенінің  ішінде 4,3 мыңнан астам елді мекенді  ADSL, FTTН, 3G және 4G технологиялары бойынша кең жолақты интернетпен қамтамасыз еттік», – дейді         "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Алайда жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, (қоғамдық кеңес мүшесі) Ольга Булавкина ең негізгі мәселені көтерді.

«Иә, бүгінгі жиында «Қазақтелеком» АҚ атқарылған жұмыстары баяндалды. Елімізде байланыс аясының кеңейіп жатқаны айтылды. Бірақ кемшіліктер де жоқ емес. Біз көп елді мекендерді аралап, елдің жағдайымен танысып жүреміз. Жиі көтерілетін проблема байланыс, интернет желісі. Шамамен  600-ге жуық алыс жатқан елді мекенде бұл  әлі өзекті. Кейбір жерлерге интернет жеткенімен, әлсіз жұмыс істеп тұрғаны бар. Ол жердегі мұғалімдер, дәрігерлер жұмыстан тыс уақытта интернетті пайдалануға мәжбүр.  Алдағы екі жылдың ішінде арнайы бағдарлама аясында көңіл бөлінетіні айтылды.  Мен депутат ретінде және көғамдық кеңестің мүшесі ретінде бұл сұрақты күн тәртібінен алыстатпаймын. Жұмыс барысын бақылауда ұстап отырамын», – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина.

Ал Самұрық-Қазына АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жамишев «бұл мәселеде мекеменің ғана емес жергілікті әкімдіктердің де жауапкершілігін ескеру керек», - дейді.  Өйткені кейбір ауыл аймақтардағы мектеп,  медициналық пункттер интернет желісін жүргізуге өтінім жібере қоймайды. Ал өтінім болмаса, тариф төленбесе компания өздігінен желі жүргізе алмайды.  Қазіргі таңда елдегі 4 мың 733 ауыл кең жолақты интернет желісімен  қамтамасыз етілген десек, оның 99%  сапалы және жоғары жылдамдықты интернетпен жұмыс істейді. Компания  өз серіктестерімен бірлесіп қазіргі уақытта жалпы халқы 266 мыңнан сәл асатын қалған 1,6 мың ауылды интернет желісіне қосу бағытында жұмыс істеуде.

Айта кетейік биыл «Қазақтелеком» АҚ  28 жыл толды. Ширек ғасырдан астам уақыттағы нәтиже нарықтағы өзіндік орнын белгілеп берді. Компанияға құйылған үлкен инвестициялар аясында табыстың да артқаны рас. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 97,4 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 27%-ға өскен. Ал,  борыш 9% - ға төмен.  Иә, компанияның алға қойған мақсаты және сол мақсатқа жетелейтін жоспарларына қарап, ілкімді істер әлі де алда екені байқалады. Тек сол жұмыстары жүйелілігін жоғалтпаса игі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр