Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 Мбит/с-тен 500 Мбит/с-ке дейін. Зашағанға жүйрік интернет қосылды

Батыс Қазақстан облысы Зашаған елді мекеніндегі тұрғын үй кешендерінің бірі талшықты-оптикалық магистральға тікелей қосылды. Нәтижесінде абоненттерге интернет, 160 арнасы бар сандық телевидение және IP телефония қызметі қосылды. “Қазақтелеком” АҚ Коммуникациялар департаментінің мәліметінше бұл қызметтер заманауи GPON технологиясы арқылы қол жетімді болып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақтелеком

Бүгінгі таңда “Бірлік” тұрғын үй кешенінде 200-ден астам отбасы "талшықты-оптикалы" интернет жүйесін таңдаған. Әрі жылдам интернетке қосылғысы келетіндер қатары көбейген. Бұған дейін мұнда 4G сымсыз интернетінің жылдамдығы бар болғаны 10 Мбит/с еді. Қазір жаңа технологияны пайдалану арқылы тұрғын үй кешенінде интернет жылдамдығы 500 Мбит/с-қа дейін өсті.

Хамидуллиевтер отбасы озық телекоммуникация қызметін қосу үшін алғашқылардың бірі болып өтініш білдіріпті. Олардың сөзінше, интернеттің жылдамдығы үлкен көлемдегі файлдарды оңай әрі тез жүктеп алуға, фильмдер көруге, туыстармен еш қиындықсыз бейнеқоңырау арқылы сөйлесуге жол ашқан. Ал компания өкілдері алғашқылардың қатарына қосылғаны үшін отбасыға шағын сыйлық берген.

Қазақтелеком

“Тұтынушыларға осындай көңіл бөлетіні қуантады. Бұрын отбасында тек мобильді интернетті пайдаландық, бірақ қазір жоғары жылдамдықты интернетке деген қажеттілік артты. Балаларым мектепке барады, репетиторларға барады, мен оларды әртүрлі онлайн курстарға жазуды жоспарлап отырмын. Мен өзім би мектебінде жұмыс істеймін, барлық құжаттаманы өзім жүргіземін. Кейде үйден жұмыс істеуге тура келеді. Бұрын файлдар, құжаттар өте ұзақ жүктелетін, салдарынан көп уақыт жоғалтатынбыз. Қазір мұндай қиындықтар жоқ. Күйеуім вахталық жұмыс істейді, балалардың барлығында телефон бар, олар әкесіне кез келген уақытта бейнеқоңырау арқылы хабарласа алады. Бір сөзбен айтқанда, интернеттің нәтижесі мен сапасына көңіліміз толады", – дейді "Бірлік" тұрғын үй кешенінің тұрғыны Мира Хамидуллиева.

Жаңа технологияға сәйкес кабель тікелей абоненттің пәтеріне тартылады. Мұндай әдіс пайдаланушыларға желіге түсетін жүктеме шамадан тыс артқанда еш үзіліссіз және кедергісіз жоғары сапалы интернетке қосылуға кепілдік береді. 

"Қазақтелеком" құрылыс қарқынына ілесу үшін барын салып, тұрғын үйлерге сапалы қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде заманға сай дамып келе жатқан Зашаған ауылында 7 үйді GPON технологиясына қостық. Жыл сайын жаңа үйлер салынып, барлық инфрақұрылым жүргізілуде. Сонымен қатар біз ауылды жерлерге де жоғары жылдамдықты интернетті қосуды белсенді түрде жалғастырып келеміз. Мұнда радиосигнал арқылы интернет желісіне барлығы 6 ауыл қосылған. Олар: Қарақамыс, Алғабас, Ағоба, Ж.Молдағалиев, Қаратөбе және Бисен ауылдары", – деді "Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионының Батыс аймағындағы B2C сегментінің коммерциялық директоры Мұрат Амантай.

БҚО-да 2022 жылдың басынан бастап "Қазақтелеком" GPON желісіне 8 көпқабатты үйді қосты. Мамандардың пайымынша, аталмыш технология үлкен сұранысқа ие. Себебі абоненттер тарифтік жоспарды өздері таңдай алады және кез келген пакетке жоғары сапалы қызмет кепілдігі бар.

Қазақтелеком

"Бірлік" тұрғын үй кешенінің үш үйінде 477 пәтер болса, оның жартысы – біздің клиенттеріміз. Әр пәтерге талшықты-оптикалық кабель тартылды, бұл абоненттерге жылдамдығы 500 Мбит/с дейін жоғары цифрлық телевидение мен IP-телефония қызметтерін бір уақытта алуға мүмкіндік береді. Тұрғындар бұл технологияны жоғары бағалайды, өйткені GPON – қызмет көрсетудің мүлдем басқа деңгейі", – дейді "Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионының B2С бөлімшесінің тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы Ләзимай Нұржанова.

Айта кетейік, "Қазақтелеком" БҚО тұрғындарын заманауи GPON технологиясы арқылы жылдам интернетке қосу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда Оралда көпқабатты үйлердің 4 мыңға жуық тұрғыны осы технологияны пайдаланады.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр