Қазақтелеком Үкімет отырысында елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобаларын таныстырды
"Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министр Олжас Бектеновке Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасады.
Өз сөзінде ол компанияның қызметі толығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және азаматтар мен бизнес үшін заманауи, қауіпсіз және қолжетімді цифрлық ортаны құруды қамтамасыз ете отырып, цифрландырудың мемлекеттік саясатын қолдауға бағытталғанын атап өтті.
Компания халық үшін интернет сапасын арттыруға ерекше назар аударады. 2022-2025 жылда аралығында "Тазарту" жобасы аясында мыс желісінен оптикалық желіге 340 мың абонент көшірілді. "Sapa+" бағдарламасы шеңберінде 360 мың роутер жаңартылды, бұл байланыс жылдамдығын 10 есеге арттырып, 500 мың отбасы 500 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы интернетті пайдалануға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, "Ауыл Online" бағдарламасының арқасында миллионнан астам тұрғын мен үш мыңнан астам ауыл интернетке қосылады.
"Компанияның жобалары Қазақстанның цифрлық болашағына құйылған инвестициялар болып табылады. Біз Орталық Азияның технологиялық көшбасшысы мәртебесіне сенімді түрде бет алып келеміз, әрі еліміздің әрбір азаматын тұрақты, қауіпсіз және озық байланыс инфрақұрылымымен қамтамасыз етуді жалғастырамыз", – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Стратегиялық бастамалардың қатарына Қазақстанның халықаралық цифрлық байланысын нығайтатын Каспий теңізінің түбіне су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін салу, сондай-ақ әлемнің топ-500 суперкомпьютері санатына енетін Алматыда ЖИ-кластерін құру кіреді.
Отырыста 5G желісін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. 5G Kazakhstan жобасы аясында "Кселл" АҚ 2023-2025 жылдары 2242 базалық станцияны іске қосып, желінің қамту аумағын тез арада кеңейту арқылы технологияның күнделікті өмірге енуін қамтамасыз етті. Бұл Қазақстанға мобильді интернет жылдамдығының әлемдік рейтингіндегі позициясын 8 пунктке жақсартып, 49-орынға жайғасуға мүмкіндік берген себептің бірі болды.
Бүгінде Kcell желісінде тіркелген құрылғылардың жартысынан көбі 5G қолдайды. Абоненттердің 40% дерлік 5G жылдамдығын пайдаланады. Бұл қазіргі цифрлық қызметтерге сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. 2026 жылы оператор тағы 567 базалық станцияны пайдалануға бермек, бұл компанияның цифрландыру мен өңірлерді қамтудағы көшбасшылық позициясын нығайтуға бағытталған қадам.
Орта және ірі кәсіпорындар үшін Private 5G – қорғалған желілердің корпоративтік шешімдерін дамытуға баса назар аударылуда. Мұндай желілер геопозициялау, бейнебақылау мен бейнесараптама, қашықтан мониторингтеу, Push-To-Talk және ұшқышсыз техниканың жұмысын қамтамасыз етеді, экономиканың негізгі салаларын цифрлық трансформациялау үшін негіз жасайды.
Бүгінгі таңда Kcell өнеркәсіпте және өндіруші секторда 10 жобаны іске асырды, елімізде бірінші болып Private 5G жобасын іске қосты, ол өндірістік нысандарда бесінші буын технологияларының нақты енгізілуін көрсетеді.
"5G және Private 5G технологиялары цифрлық экономиканың іргетасына айналуда. Жаңа шешімдердің кәсіпорындар жұмысын қалай өзгертетінін, қауіпсіздік пен тиімділікті арттыратынын көріп отырмыз. Бірақ 5G әлеуетін толық ашу үшін нарықтың барлық қатысушылары: операторлар, реттеушілер мен мемлекеттің бірлескен жүйелі жұмысы қажет", - деді "Кселл" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жамбакин.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
