Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком" тұтынушыларына "E-Каѕѕа" мобильді қосымшасының жаңа нұсқасын ұсынды

"Қазақтелеком" қазақстандықтарға арнап керемет функциясы, сервисі мен интерфейсі бар Е-Kassa мобильді қосымшасының жаңа нұсқасын ұсынды. Е-Kassa бұрын ismet.kz. бизнеске арналған платформада ғана орналастырылса, қазір маркетплейстерде қожетімді. Смартфондарға да жүктеп алуға болады. 

Е-Kassa Google Play Market платформасының пайдаланушылары үшін де, iPhone-ға арналған iOS және Huawei-ге арналған App Gallery үшін де жүктеуге қолжетімді бола түсті.

Елімізде 2020 жылдан бастап онлайн-кассаны пайдалану міндетті болып, кәсіпкерлерді фискалдық деректер операторына (ФДО) қосу және бақылау-кассалық машиналарды тіркеу қолға алынған еді.

"Қазақтелекомның" E-Kassaсы да осындай бақылау-кассалық машиналарды толығымен ауыстыруға қабілетті және ақша қаражатын есепке алуға, кассалық операцияларды тіркеуге және бақылауға арналған тегін мобильді қосымша.

E-Kassaны сауда және қызмет көрсету саласында, тауарларды сатуды/сатып алуды тіркеуде чектерді басып шығару немесе оларды электронды түрде беруде, ақша операциялары туралы ақпаратты сақтап т.б. қызметтер атқару үшін қолдануға болады. 

Бүгінде фискалдық деректер операторына тіркеліп, қосылу тіпті ыңғайлырақ бола түсті. Тіпті ЭЦҚ-ны іздеудің де қажеті жоқ. Смартфондағы құжаттарға SMS-қол қою функциясын пайдаланса жеткілікті. Сондай-ақ SMS көмегімен ФДО қызметін қосуға, тарифтеу өтініміне және бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінімге қол қоюға болады. 

"Қазақтелеком" АҚ КБД сату жөніндегі директоры Эмирхан Алиев мұндай керемет қосымшаның баламасы жоқ екенін алға тартты. 

"Бұл тек "Қазақтелекомның" клиенттеріне ғана қолжетімді. Мобильді азаматтар базасында тіркелген жеке кәсіпкерлер жаңа қызметті пайдалана алады. Бұл ретте процестің қауіпсіздігі мен сенімділігіне кепілдік беріледі", – деп атап өтті ол.

Кассалық құрылғыны смартфонға көшірудің артықшылықтарын мыңнан астам қазақстандық кәсіпкерлер бағалап үлгерді.  "ПЛАТЕЖ ЮГ" ЖШС директоры Санджар Ерметов кассалық қызметті кез келген құрылғыда орындай алу өте ыңғайлы екенін жеткізді.

"Кәдімгі кассалық машиналарда қосымша ақыға тұрақты қызмет көрсету, қамтамасыз ету  және бағдарламалық жасақтаманы жаңарту  талап етілді. Енді телефондағы қосымшаның көмегімен ол ыңғайлы және тиімдірек. Кассалық машиналарды сатып алу және техникалық қызмет көрсету шығындары жоқ. Кассасы бар жұмыс телефонын ұмытып қалсаңыз да, кез келген басқа мобильді құрылғының қосымшасына кіріп, кассалық чек бере аласыз", - деді Санджар Ерметов.

E-Kassa офлайн режимде 72 сағат жұмыс істей алады. Қосымша түскен барлық чектерді сақтайды және сервермен байланыс қалпына келтірілгеннен кейін оларды ФДО-ға жібереді. Бұл, әсіресе, бірнеше сату нүктелері бар немесе клиенттер ағыны көп бизнес үшін өте ыңғайлы.

ismet.kz мобильді қосымшасындағы E-Kassaның алдыңғы нұсқасы 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап өшіріледі. Қосымшаның жаңа нұсқасына көшу бойынша кеңес алу үшін мына нөмірлерге хабарласу қажет: Астана қ.: 59 00 51, Алматы қ.: 259 00 51, ұялы телефоннан: 8 800 080 00 51. Барлық қоңыраулар тегін.

Талқылау