Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком" Солтүстік Қазақстан облысының 11 ауылын жоғары жылдамдықты интернетке қосты

"Қазақтелеком" ауыл тұрғындарына телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін республиканың ауылдық елді мекендеріндегі желілік инфрақұрылымын белсенді түрде дамытуды жалғастырып келеді. Жақында еліміздің ең ірі байланыс операторы Солтүстік Қазақстан облысындағы Аралағаш ауылын радиокөпір технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосты және бұл жүздеген тұрғындар үшін барлық заманауи цифрлық қызметтер мен өнімдерді толық пайдалану мүмкіндігін ашты.

Казахтелеком 2

Петропавлдан 60 шақырым жердегі Аралағаш ауылында 430 үй түтінін түтетіп отыр.  Осы азғантай ғана ауылдың халқы кешегі күнге дейін тұрақсыз әрі сапасыз мобильді байланысты пайдаланып, әбден зәрезап болған еді. Смартфондарын қолдарына ұстаған ауыл тұрғындары байланысы жақсы жерді іздеумен жүрген күндерін еске алады. Мысалы үшін, Венера Сәрсенбаеваның үйінде терезенің алдына арнайы ұялы байланыс үшін желіге кіру мүмкіндігі бар смартфонды қойып қойған. Көп балалы ана сабақ оқу немесе туыстарымен байланысу көптеген қолайсыздықтар тудырғанын айтады. Ал қазір бұл қиындықтар артта қалған.

"Қазақтелекоммен интернет арқылы балалардың бос уақытын өткізу немесе үй тапсырмасын орындау оңайырақ бола түсті. Біз бірден бірнеше құрылғыдан қосыламыз және жылдамдық үнемі жоғарылығын жоғалтпайды. Менің алты балам бар, ал бос уақытым өте аз. Дегенмен, қолөнерге уақыт тауып, интернет арқылы жаңа эскиздерді іздеймін. Ұлттық нақыштағы көрпешелерді, дорба тігемін, майлықтарды кестелеймін, әрі тоқимын. Кейде туыстарым іс-шараларға дәстүрлі нақыштағы заттарды тігуді сұрайды. Мен олардан ақша алмаймын. Бұл мен үшін сүйікті істерімнің бірі", - дейді Аралағаш ауылының тұрғыны Венера Сәрсенбаева.

Казахтелеком 3

Ауылдың тағы бір тұрғыны бұрын да осындай қиындықтарға тап болған. Көп балалы ана Сәния Нәбиеваның төрт баласы бар, оның үшеуі мектепте оқиды, өзі бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Жоғары жылдамдықты интернеттің пайда болуымен Сәнияның үлкен қызы ағылшын тілін үйренуге ден қоя бастаған. Тіпті қазірдің өзінде жақсы нәтижерлерге қол жеткізген. Отбасының қалған мүшелері фильмдер мен мультфильмдерді көру, сабаққа дайындалу үшін жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланады.

"Бұрын біз Wi-Fi роутерін пайдалатынбыз, оның жылдамдығы төмен еді. Ең қарапайым файлдардың өзін жүктеу немесе жіберу көп уақытты алатын. "Қазақтелекомның" жоғары жылдамдықты интернетіне қосылу мүмкіндігі пайда болғанда алғашқылардың бірі болып, ойланбастан өтініш бердік. Бірден үш жылдық келісімшартқа қол қойдық, бұл бізге экономикалық жағынан тиімді болды. "Қазақтелекомға" ауыл тұрғындарына көңіл бөліп, заманауи байланыс қызметіне қолымызды жеткізгені үшін алғыс айтамыз", -дейді Сәния Нәбиева.

Казахтелеком 4

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстандағы елдің ең ірі байланыс операторы қазірдің өзінде абоненттердің үйлеріндегі жабдықты сымсыз сигналмен қамтамасыз ететін 29 базалық станцияны орнатқан. Заманауи "радиокөпір" технологиясының арқасында мүмкіндігінше қысқа мерзімде және аз шығынмен сымды желіні құрудың техникалық мүмкіндігі жоқ ауылдық елді мекендерде деректерді беру түйіндерін ұйымдастыруға болады. Шағын ауылдардың тұрғындары да заманауи телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізуде.

"Өткен жылы компания облыстағы 11 ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосты. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында тағы екі ауылға желі тартуды жоспарлап отырмыз. Ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты азайтуға көмектесетініне сенімдімін. Сапалы интернеттің пайда болуымен басқа да цифрлық қызметтер ауыл тұрғындарына қолжетімді болды. Мысалы, "Қазақтелеком" телевидение, фильмдер, сериалдар мен ұлттық контентті, онлайн киноны бір қосымшада біріктіретін TV+ сандық телевизиясын ұсынады. Клиент өзі үшін тиімді пакеттік шешімді таңдай алады және қызметтерді пайдалану мерзіміне жеңілдіктер беретін жыл сайынғы шарттарды жасай алады", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионы Солтүстік өңірінің B2C сегментінің коммерциялық директоры Алексей Шмидт.

Алексей Шмидт

Ауылдардағы желілерді дамытқан байланыс операторы қалаларды да естен шығармайды. Биыл компания Петропавлда салынып жатқан 10-нан астам жаңа тұрғын үй кешендерін FTTH технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосуды көздеп отыр.

Талқылау