AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком": Ынталы қызметкер компанияның қозғаушы күші

Жыл басында "Қазақтелеком" төңірегінде шу шығып, елді елең еткізгені есімізде. Ондаған адам Алматыда компания кеңсесінің алдына шығып, жалақыларын көтеруді талап еткен болатын. Бұл дауға қатысты ақпарат құралдары жарыса жазды, дегенмен оқиға нәтижесі мен оның шешімі назардан тыс қалған еді. Біздің тілшімізге сұхбат беруге келіскен "Қазақтелеком" компаниясының Персонал жөніндегі бас директоры Берік Әбдімәжитұлы Битабаров мырзамен әңгімені дәл осы кикілжіңді қалай реттегені, жұмысшы мүддесін қорғаудың қандай тетіктері қолданғаны туралы бастауды жөн көрдік. 

Берік Әбдімәжитұлы қаңтардағы еңбек дауы біздің байқауымызша бір бұрқ етті де басылып қалды. Компания қалай ың-шыңсыз тез реттеді. Әлде қызметкерлерге қатысты әкімшілік тетіктерді қолданып, мәжбүрлі түрде басты ма? 

– Әрине жоқ, біздің тәжірибемізде кикілжіңді мәжбүрлеп тоқтату деген түсінік жоқ. Жұмысшылар қарсылық білдірсе, оның тамырына үңіліп, мәселені түбірінен шешу біздің тәсіл. Шынында да еңбек дауын санаулы күн ішінде тез басу қолымыздан келді. Оған негізгі себеп – қызметкерлерді ынталандыруға және жалақы жүйесін жетілдіруге бағытталған қолдау шараларының ауқымды кешені дайын болатын. Осы маңызды құжатты компаниядағы еңбек дауларының алдын алу және оларды қарау жөніндегі келісім комиссиясы институты арқылы қызметкерлерге таныстырдық: мұнда жұмысшының еңбек жағдайын қолайлы етуден бастап, жалақасын өсіру, сыйақы тағайындау, пайызсыз несие беру, біліктілігін арттыру, білімін жетілдіруге қатысты шаралар кешені қамылған. Бұл өте салмақты қолдау, сондықтан еңбек дауы толығымен реттелді. Айта кететін бір жайт, жалақы өсімін қарастыру кезінде компания техникалық қызметкерлерге басымдық берді.

Сонда қалай, осындай ауқымды шаралар кешенін 1-2 күнде шұғыл түрде жасап шықтыңыздар ма?

– Жоқ, бұл құжаттар былтыр қолға алынып, ұзақ әрі тыңғылықты дайындалды. Ия,  көкейіңізде тағы бір сұрақтың туындағанын байқап тұрмын. "Ертерек дайындалған болса неге кикілжіңнен кейін ғана жарияланды" дейсіз ғой, себебі біз қандай да бір өзгерістерді барлық жағынан сараптап, мысалы жаңағы жалақыны көтеру үшін мүмкіндіктерімізді өлшеп, оң-терісін екшеп барып жариялаймыз. "Қазақтелеком" басшылығының ұстанымы – компания толық орындай алатын шараны ғана жариялап, уәде береді. Ал біз биыл ұсынған ынталандыру кешені өте ауқымды болғандықтан, оған қажетті есептеулер бірнеше айға созылды. Одан бөлек елімізді дүр сілкіндірген қаңтар оқиғасы кезінде компаниямыз сын сағатта сырт қалмай, абоненттерге түрлі жеңілдіктер жасады, мұның өзі жоспарланған табыстың бір бөлігі компания бюджетіне түспейді деген сөз, ал ортайып қалған қазына қандай да бір күрделі өзгерістерді, соның ішінде жалақы өсіру ісін жеті рет өлшеп, бір рет кесуге итермелейтінін ескерткім келеді. Сондықтан жаңашылдықтарымызды жариялауға асығып жүргенімізде, Алматылық әріптестеріміз өз наразылықтарын білдіріп үлгерді. Дегенмен айта кетейін, біз ұсынған жеңілдіктер, олардың көңілінен шықты.  

Жаңашылдықтар туралы кеңінен тоқтала кетсеңіз, индексация туралы естіп қалдық сол кезеңде. 

– Индекстеу жаңалық емес, себебі оны біз жыл сайын, автоматты түрде өткіземіз. Ал біз ұсынған жаңа қолдау шаралар кешені - индекстеуден мүлде бөлек, өзіндік бағыт. Біз өз қызметкерлеріміздің, соның ішінде бірінші кезекте – бұқаралық кәсіптегі мамандар мен инженерлік-техникалық құрам қызметкерлерінің 90% -ның лауазымдық жалақыларын қайта қарадық. Осы ретте айта кету керек, компанияда грейд жүйесі жұмыс істейді, ол жүйе бойынша қызметтік өсім құзыреттілік деңгейіне байланысты жүзеге асады, қарапайым сөзбен айтқанда, қызметкер бір лауазымда қала отырып, өз табысын арттыруға мүмкіндігі болады. Осылайша, біз грейдтің әртүрлі деңгейлеріндегі лауазымдық жалақы мөлшерін сараланған түрде ұлғайттық, төменгі грейдтегі жұмысшылар, яғни ең төменгі жалақы алатын мамандар үшін жалақы 50% - ға дейін ұлғайды. Орташа алғанда, егер грейдтің барлық деңгейін қарайтын болсақ, компания бойынша жалақы 22-ға дейін артты. Жалпы алғанда, бұл өсім компанияның 17,5 мың қызметкеріне әсер етті, бұл ретте тағы да ескере кететін мәселе негізгі өсім техникалық мамандарға қатысты болды, топ-менеджерлердің жалақысы көтерілген жоқ. 

Мұнымен біз шектеліп қалмадық: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынан бастап жаппай кәсіптердің және инженерлік-техникалық қызметкерлердің жоспарланған жұмыс көрсеткіштерін орындауға және өндірістік көрсеткіштерге жеке қосқан үлесі үшін жалақасының 25% мөлшерінде тоқсан сайын берілетін сыйақы жүйесі енгізілді. Бұрын біз мұндай сыйақыларды жылына бір рет қана төлейтін едік, енді оларды тоқсан сайын аудару жолға қойылды. Яғни біздің қызметкерлеріміз үшін ақша табу мүмкіндігі 4 есе ұлғайды. Айтпақшы, осы жылдың бірінші тоқсанында біз 2021 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік және жеке пайдалы әсер коэфициентін орындауға сәйкес жылдық сыйақыны ғана емес, сондай-ақ EBITDA үстеме пайдасы үшін орташа есеппен 1 лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы төледік. Одан бөлек мереке күндері қызметкерлерімізге қосымша сыйақы беру дәстүрі бар. 

Жаңа ғана өз сөзіңізде грейд жүйесі туралы айтып кеттіңіз, бір қызметте бола отырып, жалақыны өсіру үшін маман өкілеттігін, біліктілігін тұрақты түрде арттырып отыруы керек болар? Ол үшін маман бір орында тұрмай тұрақты түрде өсуі керек шығар?

– Әрине, қазіргі таңда білімді үнемі жетілдіріп отырмаса, замана көшінен қалып қоюы әбден мүмкін. Сондықтан компанияда әрбір қызметкердің тұрақты өсімін қамтамасыз ететін жүйе жасалған. Яғни мамандарымыз біліктілігін арттыру үшін түрлі деңгейдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірлескен оқу бағдарламалары құрылды. Бұл қызметкерлеріміз үшін тегін. Мамандардың кәсіби деңгейін көтеру үшін "Қазақтелеком" қажетті қаражатты өзі төлейді. Бұл игілікті істі техниктерден бастап топ-менеджерлерге дейін пайдалана алады. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында 21 жоғары оқу орнымен және 38 колледжбен келісім жасалған. Инженерлік-техникалық персонал үшін жеке оқу полигондарының желісі де жұмыс істейді. Одан бөлек қашықтықтан оқытуға арналған корпоративтік платформамыз әрдайым ашық түрде жұмыс істейді, онда мамандандырылған курстар, соның ішінде бұқаралық кәсіптегі қызметкерлерге арналған вебинарлар форматындағы курстар жүктелген. 

Ия, "Қазақтелекомның" түрлі оқу орындарымен жасаған келісімдерін, біліктілікті арттыру бағытындағы қадамдарын ақпарат құралдарынан жиі оқитын болып жүрміз. Бұл белсенділіктің пайдасын барлық қызметкерлер теңдей көреді ме?   

– Ия, мұның барлығы әрбір қызметкер өзіне қажетті бағытта дамуына арналған ұсыныстардың сан түрлі болуы үшін жасалып жатыр. Бұл бағытта айта кететін тағы бір жағымды жаңалық - осы жылдың шілде айының ортасында біз Astana IT University базасында компанияның жеке корпоративтік университетін аштық, мұнда қызметкерлеріміз цифрлық технологиялар саласында қосымша білім алатын болады, сондай-ақ біздің қызметкерлеріміз Назарбаев Университетінде, КИМЭП-те, бірқатар қазақстандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында түрлі бағдарламалар бойынша білім алуда. Жалпы, компания оқуға, білуге ынтасы бар қызметкерлері үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды және тиісінше, бұл  грейд бойынша өсімді,  ал өсім тікелей табыстың артуына ықпал етеді.

Ал компанияда жоғары лауазымдарға, яғни компания топ-менеджментіне дейін өсуге мүмкіндік беретін әлеуметтік лифттер жұмыс істей ме?

– Мен сіздерге ең соңғы мысалды келтірейін: мамыр айының соңында "Қазақтелекомның" бас қаржы директоры лауазымына Людмила Атамұратова тағайындалды. Ол компанияға 2003 жылы, оқуды бітірісімен келген, бұл кезде жұмысын жобалық қаржыландыру департаментінің қатардағы маманы ретінде бастайды, үнемі оқу, біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін пайдаланып, ол тұрақты түрде өсті, сөйтіп 2015 жылға қарай осы департаменттің басшысы лауазымына көтерілді. Дәл осы құрылым соңғы жылдары біздің барлық ірі жобаларымызға, соның ішінде ауылдағы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысына қаржылық-экономикалық қолдау көрсетті, бұл жобалардың барлығы сәтті жүзеге асты, сондықтан Людмила Атамұратованың кандидатурасы Директорлар кеңесіне Бас қаржы директоры лауазымына үміткер ретінде ұсынылғанда барлығы оны жақтап дауыс берді. Бұл ғайыптан-тайып қарапайым қызметкерден топ менеджерге айналған қыздың ертегісі емес, бұл "Қазақтелекомдағы" қарапайым мансап жолы, компаниядағы әлеуметтік лифт жұмысының жарқын көрінісі, және бұл бірінші де, соңғысы да емес.

Осындай үнемі ізденісте жүретін кадрларды қайдан жинап аласыздар?

– Біз 2018 жылдан бастап жоғары оқу орындары мен колледждердің 3-4 курс студенттерін компанияға тартатын, үздіктерін ұжымда қалдыратын "PROtelecom" тағылымдама бағдарламасын іске қостық, осылайша әлеуеті жоғары кадрларды тарту ісін бір жолға қойдық. Бұл жоба бойынша үміткер студент бізге келеді, компаниядағы еңбек жағдайымен танысады, біз оның әлеуетін зерттейміз – жалпы, екі тараптың да бір-бірін білуге және одан әрі ынтымақтастық туралы мәселені шешуге мүмкіндігі болады. Айта кету керек, бұл бағдарламаның тиімділігі жылдан-жылға артып келеді: егер 2018 жылдан 2021 жылға дейін 780-нен астам студент осы бағдарлама бойынша тағылымдамадан өтсе және біз олардың 120-дан астамын жұмысқа қабылдасақ, тек осы жылдың өзінде компанияда тағылымдамадан өтетін студенттер саны 570 адамға жетті. Солардың ішінде кем дегенде 100 қатысушыны жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз.

Айтпақшы, біз қазір таланттарды іздеуді студенттерден емес, тікелей мектеп қабырғасынан бастауды қолға алдық: осы жазда біз Нұр-сұлтан мен Алматыда IT-лагерьді іске қостық, ол компания қызметкерлерінің 12 жастан 15 жасқа дейінгі, негізінен өңірлерден келетін 600-ге жуық баланы қамтиды. Балалар IT, робототехника және шет тілдерінің қыр-сырын игереді, ал компания олардың арасында "Қазақтелекомның" қызметіне қатысты салалардағы таланттарды анықтауға мүмкіндік алады. Біз жазғы IT-лагерьлер балалар арасында үздіктерді іздеудің тұрақты нысаны бола ма немесе ол уақыт өте келе форматын өзгерте ме ол жағын әзір білмейміз, бірақ бір анығы осы бағытта балалармен одан әрі жұмысты компания жалғастыруға ниетті. 

Дұрыс, бұл болашақтың қамы екенін түсіндік, олай болса болашақтан осы шаққа қайта оралсақ: осы жылдың басында компания қызметкерлермен жаңа Ұжымдық шартқа қол қойды, онда қызметкерлерге арналған қандай да бір қосымша бонустар бар ма?

– Әртүрлі өмірлік жағдайларда берілетін материалдық көмек көлемін сақтаумен қатар, көп балалы отбасылары, ерекше балалары бар және екеуден астам бала асырап алған қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарлама компания тарапынан біздің қызметкерлеріміздің балаларын емдеп, демалысын ұйымдастырып, мектепке дайындап, көмектесуді көздейді және 1000-нан астам қызметкерлеріміздің отбасын қамтиды. Одан бөлек, қызметкерлерімізге нысаналы пайызсыз ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер беру аса маңызды көмек болып отыр: өткен жылы компания 604 қызметкерге жалпы сомасы 1 млрд теңге шұғыл қажеттіліктерге қысқа мерзімді пайызсыз несие берген, сондай-ақ, 2021 жылы коммерциялық банктер арқылы жеңілдікті шарттармен ипотекалық кредиттеу бағдарламасы іске қосылды, ол бойынша біздің 97 қызметкеріміз жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге жеңілдікті несие алып, биыл біз екі бағыт бойынша да көрсеткіштерді өсірудеміз.

Түсінікті, жалпы бастамаларыңыз бен қолдау шараларыңызбен таныса отырып, жақын болашақта енді еңбек дауы болмайды деп айтқымыз келеді. Ал сіз бұл бағытта сенімдісіз бе? 

– Еңбек дауларын түгелдей тамырымен құрту өкінішке орай мүмкін емес, және түгелдей құтылдық деп ешкім айта алмайды. Себебі олар кез-келген жерде және кез-келген себеппен бұрқ етіп басталып кетуі әбден мүмкін. Мен мәселені басқаша қырынан қарар едім: бүгінде компаниямыз барлық мәселелерді заң шеңберінде реттейді, ұжымдық рухты қалыптастырып, барынша қызметкерге жақын болуға жағдай жасайды, сонымен қатар қақтығыс тудыруы мүмкін барлық проблемалардың алдын-алуға тырысады. Осы мақсатта "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевті қоса алғанда, басшылық ұжыммен оффлайн және онлайн режимінде тұрақты кездесулер өтіп тұрады, оның барысында қызметкерлер кез келген мәселені көтеріп, оны қалай шешу керектігі туралы өз пікірін білдіре алады. Бұл тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана емес: басқарма басшысы өңірлерге жұмыс сапарларымен тұрақты түрде шығып тұрады, және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуді әдетке айналдырған. Бұдан басқа, еңбек ұжымы арасындағы жасырын әлеуметтік шиеленісті дер кезінде анықтау мақсатында біз жүйелі негізде "әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы" жеке мекемесінің көмегімен Samruk Research Services әлеуметтік зерттеуін жүргіземіз, оның нәтижелері бойынша еңбек қатынастарындағы әлсіз тұстарды анықтаймыз және "Қазақтелеком" АҚ-да әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарды жетілдіріп отырамыз. Жалпы, бұл мәселе бойынша біз тамыршыдай компаниядағы ахуалды тап басып біліп отыруға міндеттіміз деп білемін. 

 Әңгімеңізге рахмет! 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр