«Қазақтелеком» филиалының есепшісіне қатысты іс сотқа жіберілді
"Қазақтелеком" АҚ филиалының есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми мәлімет бойынша, Алматы прокуратурасы "Қазақтелеком" АҚ филиалының есепшісінің аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі аудандық сотқа жіберген.
Прокуратура атап өткендей, есепші 2015-2022 жылдар аралығында негізсіз аударымдар арқылы 643 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр.
Талқылау