Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком" бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзды деп айыпталды

"Қазақтелеком" компаниясы бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұза отырып, келісім жасады деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша, "Қазақтелеком" "Btcom infocommunications" компаниясымен тікелей келісімге отырып, тек "Қазақтелекомның" телекоммуникация қызметін алуды, яғни өзге байланыс операторлары салған желілер мен телефон желілерін пайдаланбауға келіскен. 

Екі компаниядан да жасалған келісімнен жоғарыда аталған ережелерді алып тастау талап етілді. Қос компания агенттік ескертулерін орындаған.

"Департамент "Қазақтелеком" АҚ бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғанын анықтап, ескерту жіберді. Компания департаменттің талабын орындады, - деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеу бөлімінің жетекшісі Жанар Әшім. 

Бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі “Яндекс.Такси” сервисіне қатысты тергеудің бірі неліктен тоқтатылғанын түсіндірді. Агенттік мәліметінше, соттың мұндай шешім шығаруына 2022 жылдың тергеуге дейінгі кезеңіне жасалған сараптаманың болмауы себеп болған. 

Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы және Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қазфосфат"ЖШС қатысты тергеуді аяқтап, Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдарына тиесілі минералды тыңайтқыштар зауыты аммофос бағасын негізсіз көтерді деп айып таққан еді. 

Талқылау