Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақтелеком» Ақтөбе облысында тағы бір «радиокөпір» орнатты

Еліміздің ең ірі байланыс операторы қазақстандықтарды тұрғылықты жеріне қарамастан заманауи телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз ету үшін желілік инфрақұрылым құруды жалғастыруда. Сонымен, жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе облысы Хромтау ауданының 22-ші кварталының тұрғындары жаңа базалық станцияларды орнатудың арқасында радиокөпір технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді.

22-кварталдың жеке секторында 3 мыңнан астам адам ұялы байланысты пайдаланады. Ал қазіргі уақытта "радиокөпір" арқылы үйлерді жоғары жылдамдықты интернетке қосып, заманауи технологияның артықшылықтарын көрсету үдерісі жүргізілуде. 80-нен астам отбасы ықшамаудандағы жылдамдық пен сигнал сенімділігіне жақсы баға беруде.

Солардың бірі көп балалы ана Индира Исенқұлова алғашқылардың бірі болып жаңа технология бойынша қосылу қызметіне жүгінген. Ол осы кезге дейін заманауи цифрлық мүмкіндіктерді толық пайдалана алмаған. Индираның сөзінше мобильді интернет көп балалы отбасы үшін тым қымбат әрі тиімсіз. Себебі сигналдың әлсіздігінен қашықтан оқыту кезінде түрлі қиындықтар болған екен. Әсіресе ғаламторда белсенділік көбейген сәтте қажетті беттер мүлдем ашылмайтыны бар. Оған қоса әйел жұмыста жүріп үйдегі балаларды бейне хабарлама арқылы бақылай алмаған.

"Ауылды цифрландырып дамыту біз үшін үлкен қуаныш. Қазіргі заманда ғаламторсыз болмайды. Қазақтелекомның "радиокөпірінің" арқасында өміріміз жақсы жаққа өзгерді. Енді байланыс мәселесі жоқ. Балаларымның барлығы мектепке барады, барлығында телефон бар. Ал бәріне айына 2 рет қосымша трафик қосу бізге өте қымбат болды. Қазір интернеттің сапасы жақсарды. Үйде отырып жұмыс істеп, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе аламыз. Kundelik.kz электронды күнделігін толықтай пайдалануға мүмкіндік алдық. Үнемі жұмыста болғандықтан балаларға кез келген уақытта хабарласып тексере аламын. Кейде олар дүкенге баратын болса мен жұмысымда отырып-ақ банктік қосымша арқылы төлем жасаймын. Өте ыңғайлы",- деді 22-ші квартал тұрғыны Индира Исенқұлова.

Хромтау келешегі зор моноқала болып саналады. Мұнда жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп даму үстінде. Қала атауының шығу тарихы хромит рудасы кен орнының ашылуымен және кәсіпорынның кенді ашық, жабық әдіспен өндірумен, Дөң тау-кен байыту комбинатының салынуымен байланысты. 

"Біз ақпаратты алыс қашықтыққа таратуға мүмкіндік беретін "радиокөпір" технологиясын қолдандық. Оның көмегімен байланыс орнату қиын немесе тіптен мүмкін емес жерлерді жылдам желімен сенімді қамтамасыз етеміз. Бұл бірнеше күн ішінде клиенттің интернетке қосылуын ұйымдастыруға және тұрғындарға барлық мәселелерін аудан орталықтарынан шықпай-ақ онлайн режимде шешуіне мүмкіндік береді", - деді "Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионы B2C тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының аймақтық менеджері Ақайша Қожахмедова.

Ақайша Қожахмедованың айтуынша, интернет пен телевидение қызметтері 22-ші кварталдың жаңа қоныстанушылары арасында үлкен сұранысқа ие. Тұрғындарға “ТВ+”, "Интернет-12", "Интернет-20" топтамалық ұсыныстарына қол жеткізе алады. Сонымен қатар олар қызметті 12, 24 немесе 36 ай бойы пайдаланған жағдайда ай сайынғы абоненттік төлемге жеңілдік ала алады.

Базалық станцияларды орнатқаннан кейін "Қазақтелеком" мамандары аудандағы байланыс сапасы мен интернет жылдамдығын мезгіл-мезгіл тексеріп тұрады. Осы ретте Ақтөбе облысында биыл Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында, Хромтау, Қандыағаш қалаларында "радиокөпірлер" орнатылды.