Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Жүктерді Уаз-бен тасып жүр": Актер Бақыт Тушаев Үржарға қатынайтын ұшаққа мініп, зәре-құты қалмағанын айтты

Белгілі актер, шоумен Бақыт Тушаев Үржар ауданына ұшақпен барып, жұртты шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесі Алматыдан Үржарға ұшақпен барған. 

“Үржарға тойға барып келдім. Тоғыз жолдың торабы Үржардың өзі Алакөлмен жалғасып туризмге сұранып тұр. Шағын болса да әуежайын дұрыстап туристер үшін сервисті жандандырып қоюға болады. Алакөлге алыс-жақын шетелден халық ағылып келер еді. Ішкі рейстерге деген қарым-қатынасын көріп отырсыздар. “Қазақтарға осы да жарай береді” дегендей. 1 сағат ұшып, 10 жылға қартайып кеттім. Қайтарда ұшаққа отыруға жүрегім шыдамады. Такси жалдап қайттым. Бірақ жолы керемет тақтайдай төселген. Алакөлді брендке айналдырамыз десек, Үржарға көңіл бөлейік. Үржар – туризм қақпасы”, – деп жазды актер. 



Еске салайық, Қазақстанның көлік министрлігі төрт жаңа әуежай салу мен үш әуежайды жөндеу мәселесін талқылап жатыр. 

Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Қатонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежай салу және жаңғырту мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жұмысын жалғастыруды тапсырған болатын. 

 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 04 Желтоқсан, 2024 15:43
Талқылау