Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтардың екінші үйі": Мобилограф Қыран Талапбек шетелге көшіп кетті

Қазақстандық танымал мобилограф Қыран Талапбек әйелімен бірге шетелге қоныс аударды. Актриса Гүлзада Тұрлаш шетелдегі үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мархабат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Блогер жұптың таңдауы Дубай қаласына түскен. 

"Шетелге көшеміз. Қазақтардың екінші үйі Дубайға кетеміз. Түбегейлі көшіп жатқан жоқпыз. Бірақ менің жұмысым қазір көбіне шетелде өтіп жатыр. Келіссөздер, кездесулер, жобаларым бәрі Дубайда өтеді. Сосын ойлана келе, неге сонда тұрмасқа деп ойладық. Одан кейін әлемдік деңгейге шыққым келеді. Әлемде екі-ақ мемлекет басшысында мобилограф бар. Бірі Малайзия президентінде, екіншісі біздің елдің басшысында. Мобилография саласы енді дамып жатыр", – деді Қыран. 

Бүгінде ерлі-зайыпты сол жоспарын іске асыруға кіріскен көрінеді. Себебі Қыран мен Гүлзада қазіргі уақытта Дубай қаласында жүр. Олардың Instagram парақшаларынан көруге болады. Жас жұбайлар Дубайдың әсем жерлерін аралап, желіде фото мен видео жиі жариялап жүр. Гүлзада Тұрлаш өз оқырмандарына шетелдегі су жаңа пәтерін де көрсетті. 

 

 

Талқылау