Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтар Африкада аң аулауға шықты": Желіде тараған видео жұртты шошытты

Қазнетте "Қазақтар Африкада аң аулауға шықты" деген видео таралып жатыр. Кадрларда жабайы жануарларды атып өлтіріп жатқаны көрінеді, болжам бойынша оқиға Африкада болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеода жираф, зебра және басқа да жануарларға оқ атылғанын байқауға болады. Кейін ер адамдар жануарлардың өлексесін көлікке сүйреген. Бұдан соң жануарларды сойып жатқан кадр көрінеді.

Сондай-ақ роликте аңшылардың өз олжаларымен түскен суреті де бар.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева видеоға түсініктеме берді.

"Біздің отандастарымыз жабайы экзотикалық жануарларды аулап жатқан видеоны көргеннен кейін жағымсыз сезім туып, тіпті көңілім қалды, оқиға шамасы "Африкада" болған. Мен мұны адам мәдениетінің ең төменгі көрсеткіші деп санаймын. Адамдар үшін бұл шынымен көңіл көтеру екені таңғалдырады - оларға жануарларды өлтіру құқығы берілгендей! Бұл жайт жануарлар тағдырына бей-жай қарамайтын адам ретінде мені қынжылтты. Экзотикалық елде де біз адам бола білуіміз керек. Мен мұндай әрекеттерді қолдамаймын. Ал жануарларға обал. 

Мен қоғамдағы кез келген қатыгездіктің жазасын беріп, соттау керек деп санаймын. Әйтпесе, біз барлық техникалық жетістігімізге қарамастан қайтадан варварлық өмірге ораламыз", - деді

Айта кетейік, интернетте Африкада аң аулайтын сафари туралы ақпарат бар. Құны тәулігіне 550 доллардан (230 мың теңгеден астам) басталады.

Талқылау