AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мигранттармен жұмыс істеген тиімдірек": Атырау облысына жаппай Өзбекстан азаматтары әкелініп жатыр

Атырау облысында өзбек азаматтары көбейді. Әкімдік көктемгі дала жұмыстарына көрші елден тағы 600 адам алдыртыпты. Арзан жұмыс күші негізінен мал бағып, егін шаруашылығымен айналысады. Олардың ішіп-жемі, жатын орны мен жол-пұлы да тегін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қазір Өзбекстаннан келген қара жұмысшылар шаруа қожалықтарында жұмыс істеп жатыр. Ал облыста пандемия кезінде жұмыссыздық деңгейі екі есе өскен. Бірақ екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүрген жастар қара жұмыстан қашады. Есесіне көрші елден келген азаматтар білек сыбана бірден іске кіріскен. Егіншіліктің қыр-сырын жетік меңгергендердің айлығы 100 мың теңгеден асады. Жұмыс күрделенген сайын жалақы да көбейіп отырады.

Алыстан арқаланып жеткен 600 адамның әрбірінің жол шығынына 220 мың теңге жұмсалыпты. Ол қаражатты жалшы ұстайтын шаруа қожалықтары өз мойнына алған.

"Бұлардың бір жақсысы – алаңдамайды. Сенің айтқан тапсырмаңды мезгілінде орындайды. Науқанда керек уақытында, суару жағдайы, малдың қырқым жұмыстарда жергілікті жігіттер жұмысты тастап кете береді. Амал жоқ. Жиын кезінде жастарды, әйелдерді де шақырамыз. Келеді, бірақ олар шет елден келген мигранттардай еңбек етпейді", - деді шаруа қожалығының атқарушы директоры Ақтұрлан Ерманов.

Қазір облыстағы егін шаруашылығында жүргендердің 70 пайызы - шетелдіктер. Ал атыраулықтардың зейнетінен бейнеті көп жұмысқа барғысы жоқ. Айлығын азсынады. Тіпті жергілікті әкімдік өзге облыстардан жұмыс күшін таруға талпынған екен. Алайда ешкім келуге ниет білдірмепті. Амалдың жоқтығынан егін егуге ерінгендердің орнын мигранттармен толтырып жатырмыз, дейді әкімдіктегілер. Облыста тіпті кәсіби мамандар да тапшы.

"Облыс әкімі арнайы грант бөліп, ауылшаруашылығы мамандарын дайындауға талпынып отыр. Өкініштісі, облыста 2-3 бала тілек білдірсе, оның өзі грант алуға тиісті шекті балл жинай алмай отыр. 1-2 шаруашылық аграномды оңтүстіктен әкелді. Бірақ оның көпшілігі шақырсақ, келмей отыр", - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев.

Облыс әкімшілігі алдағы күндері Атырауға тағы бір топ Өзбекстан азаматын әкелетінін мәлімдеді.

Қазір қала тазалығы Қарақалпақстаннан келген жұмысшылардың мойнында екен. Яғни сырттан келген 70 адам қазір көше сыпырып жүр. Ал жергілікті тұрғындар, мұндай жұмысқа арланады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр