Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жедел жәрдем көліктері лимон түске боялады

Қазақстандағы жедел жәрдем көліктері сары түске боялатын болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген бірыңғай стандарттарға сәйкестендіріледі. Жедел жәрдем қызметінің барлық көлігі лимон түске боялып, жарық шағылыстыратын қызғылт элементтері болады» – деген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл өзгеріске дамыған елдердегі жедел жәрдем қызметі себеп болған. Жарқын түске боялған төтенше қызмет көліктері алыстан көзге тез түсетіндіктен Қазақстанның жедел жәрдем қызметі жылдам әрі барлығына тиімді болады.

Қазақстанның жедел жәрдем көліктері түсінің өзгеруін Кеден одағына мүше мемлекеттер мақұлдаған. Сондықтан онда МС (ГОСТ) деген белгілер болады.

Оқи отырыңыз:

Метрода қызды пойыздың астына итеріп жіберді (видео)

СІМ:Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін барады

15 жасар жасөспірім қызық үшін 11 көлік ұрлап, жанармайы біткенде жол бойына тастап кеткен

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Талқылау