Қазақстанның туы Антарктиданың ең биік нүктесіне тігілді
Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздің мемлекеттік туы Антарктиданың ең биік нүктесі Винсон шыңына (4892 м) тігілді.
Полярлы экспедиция мүшелері альпинист Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков қолайсыз ауа-райына қарамастан ең биік шың нүктесіне шыға алған.
“Біз бұл сапарға жарты жыл бойы физикалық және моральдық тұрғыдан дайындалдық. Мұндай үлкен ерлікті өзің үшін емес, елің үшін жасаған кезде бойыңды керемет сезім билейді. Қазақстандықтарға тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай сый жасай алғанымыз үшін қуаныштымыз”, – деді Мағжан Сағымбаев.
Винсон шыңы географиялық орналасуына байланысты, әлемдегі бағындырылуы қиын шың ретінде сипатталады.
Оқи отырыңыз:
Атыс кезінде жараланып, төсекке таңылған полицейге медаль берілді
Букмекерлік кеңседен ірі ұтысын ала алмаған алматылық жігіт Рамзан Қадыровтан көмек сұрады
Ғаламторда қазақтың «естен тандырарлық» тойы туралы ролик тарады (видео)
Қазақстанда жаман жолмен ақша табатын интернет-дүкендер белгілі болды

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
